Система Orphus

Маңғыстау облысында электр энергияның тарифы төмендетілді

15.04.2020, 17:14 5941

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында электр энергияның тарифы төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 23 наурызында коронавирус індетіне және дағдарысқа қарсы шаралардың жағдайы туралы жиналысында берген тапсырмасын орындау барысында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне халық үшін, электр энергиясымен жабдықтау қызметінің де тарифін төмендетті.

"Allianceenergosnab-Актау" ЖШС-ның филиалы:

1) Актау қ. тұрғындары үшін:

- тарифті ҚҚС-сыз 1 кВт үшін 15,96 теңгеден 15,20 теңгеге дейін, яғни 4,76%-ға төмендетті;

2) Мұнайлы ауданының тұрғындары үшін:

- тарифті ҚҚС-сыз 1 кВт үшін 14,43 теңгеден 13,73 теңгеге дейін немесе 4,85%-ға төмендетілді.

Сонымен қатар, бұдан бұрын коммуналдық қызметтер көрсететін барлық субъектілерге Департамент төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде қалыптасқан берешектер бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тоқтатпау туралы ұсыныс хат жолдаған болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны