15.04.2020, 17:19 7108

Мемлекеттік кірістер комитеті тауарлардың қайсысын экспорттауға рұқсаттар мен шектеулер бар екеніне түсіндірме берді

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан өтінімдердің келіп түсуіне байланысты, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті халықтың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың қайсысын экспорттауға рұқсаттар мен шектеулер бар екеніне түсіндірме берді

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Экспорттауға рұқсаттар мен шектеулер

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан өтінімдердің келіп түсуіне байланысты, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті халықтың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың қайсысын экспорттауға рұқсаттар мен шектеулер бар екеніне түсіндірме берді.

Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №111 бұйрығына сәйкес келесі:

-Бидай немесе қара бидай ұны;

-Жұмсақ бидай және меслина;

-Тұқымдық картоп;

-Бастапқы орамадағы тазартылмаған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литр немесе одан кем;

-Бастапқы орамадағы тазартылмаған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литрден артық экспортталатын тауарлар бойынша рұқсат беру қағидасы қолданылады.

Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі уәкілетті органымен берілген фитосанитарлық және (немесе) ветеринарлық сертификаттардың болуы аталған бұйрықты орындау шеңберінде тауарларға кедендік декларациялауды жүзеге асыру үшін негіздеме болып табылады.

Сондай-ақ, аталған бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағынан мына тауарлардың шығарылуына тыйым салынған:

-Қарақұмық;

-Ақ қант;

-Тұқымдық картопты қоспағанда, картоп;

-Күнбағыс тұқымдары, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған;

-Бастапқы орамадағы тазартылған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литр немесе одан кем;

-Бастапқы орамадағы тазартылған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литрден артық;

-Қарақұмық жармасы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны