Система Orphus

Объектілерді салуға жобалау құжаттамасын сараптау үшін аттестатталған өрт қауіпсіздігі сарапшыларын енгізу туралы

04.05.2020, 12:51 3997

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Объектілерді салуға жобалау құжаттамасын сараптау үшін аттестатталған өрт қауіпсіздігі сарапшыларын енгізу туралы

Бизнеске әкімшілік қысымды төмендету және рұқсат беру жүйелерін оңтайландыру мақсатында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары 2011 жылдан бастап объектілерді салуға жобалау құжаттамасын қарау және оны келісу функцияларын жүзеге асырмайды және салынып жатқан объектілерді тексерулерге қатыспайды.

Объектілерді өрттен қорғау жүйесін айқындайтын негізгі өрт қауіпсіздігі шаралары объектілерді жобалау сатысында қарастырылады және құрылыс сатысында іске асырылады, бұл жобалау және құрылыс сатыларында бақылау бойынша құзыреттің болмауына байланысты қолданылатын шараларды практикалық тұрғыдан іске асыруды қамтамасыз етуге азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға мүмкіндік бермейді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жобаларды сараптауды жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша аттестатталған эксперттер жүзеге асырады.

Сонымен қатар, 2017-2019 жылдар аралығында объектілердің өртке қарсы жай-күйін тексерулер елімізде 2016 жылдан бастап пайдалануға қабылданған тәуекел дәрежесі жоғары 373 объект (адамдар жаппай келетін объектілер) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзып пайдаланылуда. Осы объектілердегі бұзушылықтар жобалау және құрылыс кезінде орын алған. Оның ішінде, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтармен орындалған 135 объект бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға оң сараптамалық қорытындылар берілген.

Осыған орай, "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына толықтырулар енгізу арқылы жобалау кезіндегі қабылданған іс-шаралардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бағалау үшін өрт қауіпсіздігі жөніндегі сарапшыларды енгізуге бастамашылық етілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы

27 қарашадағы № 114 бұйрығына Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы

1 сәуірдегі № 175 бұйрығымен өрт қауіпсіздігі жөніндегі сарапшылардың дербес мамандануын бөлу және оларға қойылатын рұқсат талаптары бөлігінде толықтырулар енгізілді.

Өрт қауіпсіздігі бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау жөніндегі сарапшы ретінде аттестаттауға жоғары кәсіби өрт-техникалық бейінді білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар немесе жоғары кәсіби өрт-техникалық бейінді білімі және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясында кемінде жеті жыл жұмыс өтілі бар адамдар жіберіледі.

Жоғарыда көрсетілген толықтырулар ағымдағы жылғы 28 сәуірде күшіне енгізілді, өрт қауіпсіздігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды салуға жобалау құжаттамасын сараптауды енгізуді қаматмасыз етеді және еліміздегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің жай-күйіне оң ықпалын тигізеді.

ҚР ІІМ ТЖК

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы

бақылау басқармасы

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны