05.05.2020, 17:09 16586

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласындағы сайын нашарлай түскен

2019 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 992 құрады, оның ішінде 13 ірі, 27 орта және 952 шағын кәсіпорын, оларда 90% - ға дейін әйелдер жұмыс істейді.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіпті дағдарысқа қарсы қолдау мәселесіне арналған ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясының спикерлері:

ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Худова Любовь Николаевна,

"Семирамида тігін фирмасы" ЖШС директоры Ахшабаева Наталья Тохтарбаевна,

"MIMIORIKI" ЖШС директоры Апенко Инна Сергеевна,

"КазСпо-Н" ЖШС директоры Свечникова Елена Александровна.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласында карантинге дейін де қиындықтар болды. Қазір жағдайы одан сайын нашарлай түскен.

2019 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 992 құрады, оның ішінде 13 ірі, 27 орта және 952 шағын кәсіпорын, оларда 90% - ға дейін әйелдер жұмыс істейді.

Белгілі себептерге байланысты сұранысы жоғары азық-түлік пен гигиена құралдарын өндіретін компанияларға қарағанда жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндірушілері өте күрделі жағдайға тап болды. Компаниялар табыссыз, ал көптеген жағдайларда қайырымдылық ретінде бірнеше реттік қолданыстағы бетперделерді тігуді бастаған. Бөлшек сауда клиентіне арналған киім, аяқ киім және үй тоқыма бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың сатылымдары тоқтады. Себебі дүкендер 16 наурыздан бастап жабық, ешқандай кіріс жоқ, барлық ақшаға тауарлар сатып алынған, маусымдық тауарлар қоймаларда қалып шығындарға айналды. Барлық қызметкерлер жалақысыз еңбек демалысына шығуға мәжбүр болды.

Карантин аяқталғаннан кейін біздің компаниялардың жағдайын елестету қиынға соғады. Біздің валюта бағамының күрт төмендеуі және доллар бағасының өсуі шикізат пен құрамдас бөлшектерін сатып алуда қосымша мәселелер туғызады. Себебі импорттық шикізат пен құрамдас бөлшектерін жеткізу Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі үшін өте маңызды.

Мысалы, Ресей билігі жеңіл өнеркәсіп өкілдерінің жағдайын түсініп, жеңіл өнеркәсіп пен сән саудасын қолдау шараларын енгізе бастады. Ресей Федерациясының Үкіметі 2020 жылдың 18 сәуірінде сән индустриясының бөлшек сауда сегментін пандемиядан зардап шеккен салалардың тізіміне қосу туралы шешім қабылдады. Киім, аяқ киім және аксессуарлар сатумен айналысатын компаниялар мемлекеттік қолдаудың арнайы шараларын қолдану құқығын алады.

Жеңіл өнеркәсіптің әлеуметтік бағытын ескере отырып, барлық елдер оны қолдайды.

Саланың келешегі мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне байланысты болады. Жеңіл өнеркәсіптің одан әрі құлдырауына және кәсіпорындарының толық тоқтап қалуына жол бермеу үшін келесі шараларды қабылдау қажет:

- Жеңіл өнеркәсіпті туристік және консультациялық қызметтермен қатар пандемияға байланысты және теңгенің құнсыздануы мен доллардың күрт өсуінен жағдайы нашарлаған салаларға жатқызу;

- Жеңіл өнеркәсіптің шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін жеңілдетілген есеп жүргізуді және айналымның 3% бірыңғай салық мөлшерлемесін енгізу;

- Салықтар мен алымдардың барлық түрлері бойынша салық демалысын 2020 жылғы 1 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жариялау;

- Елімізге шетелден әкелінетін мектеп формасына, арнайы киім мен аяқ киімге 100% баж салығын еңгізу;

- Қазақстанда өндірілмейтін шикізат пен материалдарға бажды алып тастау үшін жедел шаралар қабылдау;

- Сарапшылардың болжамына сәйкес сатып алу белсенділігінің 70% төмендегенін ескере отырып, сауда орталықтарында пайдалану және коммуналдық қызметтерді 50 пайызға төмендетіп, жалдау ақысын сатылымның 15% белгілеу керек.

Осы қиын-қыстау кезеңде мемлекет пен бизнестің бірлескен әрекеттері жеңіл өнеркәсіпте, әсіресе импортты алмастыруда қол жеткізілген нәтижелерді сақтауға көмектеседі деген ойдамыз. Бірлескен әрекеттер сонымен бірге адам ресурстарын үнемдеуге, әлеуметтік шиеленістердің алдын алуға және дағдарыстан шығуға көмектеседі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны