01.07.2020, 11:43 19946

Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту туралы

2021 жылдан бастап, Цифрлы сауаттылық пәні 1-сыныптан бастап енеді

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today - Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту туралы

ҚР БҒМ желісі бойынша

Қазақстан бірнеше жыл бойы білім беру саласындағы халықаралық зерттеулерге қатысты.

Зерттеулер көрсеткендей, еліміздегі "гаджетизацияның" жоғары деңгейі цифрлы дағдылардың жоғары деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді.

ICILS зерттеуіне сәйкес 14 жастағы оқушыларымыздың 54% - дан астамы цифрлы сауаттылықтың төменгі деңгейінде.

Ал PIAAC зертеуіне сәйкес 6-34 жас аралығындағы азаматтардың тек ғана әрбір 5-шісі цифлы дағдылардың жақсы деңгейіне ие.

Бірақта цифрлы экономикаға қажетті адами капитал тек ғана осы цифрлы құзыреттілікті ғана қажет етпейді.

Цифрлы экономикаға қажетті адами капитал үшін сандық құзыреттіліктікке қоса софт скилсті дамыту қажет, ол дегеніміз функционалдық сауаттылық, сыни ойлау, креативтілік, оқып және талдай білуі.

2016 жылдан бастап мектептерде функционалды сауаттылықтың дамуын көздейтін жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде.

Келесі оқу жылында мектептердің жаңа бағдарламарға көшуін аяқталады.

Келесі қадамдар білім берудің барлық деңгейлерінде цифрлы құзыреттіліктерді енгізу болып табылады.

Алдағы міндеттер:

Біріншіден IT саласының әлемдік стандарттарға сай мамандарын дайындау,

Екіншіден басқа да салалардың мамандарын цифрлы құрзыреттілікпен қамтып оқыту және қайта даярлау,

Үшіншіден барлық азаматтарға базалық сандық сауаттылық беру.

Осыған орай Мемлекет басшысының берген таспсырмаларына сәйкес біз "Цифрлық білім" ауқымды жобасын іске асыруды ұсынамыз.

Жоба негізгі үш бағытты қамтиды.

Бірінші. Базалық цифрлы құзыреттілік.

Барлық азаматтарға бағытталған. Мұндай бағдарламалардың мазмұнына: күнделікті өмір үшін қажет IT құралдарды пайдалану, цифрлық ортада бағдарлау, қарапайым ІТ өнімдерін жасау кіреді.

Екінші. Мамандандырылған ІТ-кадрларды даярлау.

Нарықтың сұранысына сәйкес жоғары сапалы, ІТ саласын терең игерген, 320 мың маман дайындау көзделеді.

Үшінші. Басқа салалардың жұмыскерлерін IT құзыреттілігімен ұйқастырып даярлау,

Бұл ретте барлық саланың білім алушылары IT құзыреттілігін өз мамандығымен қоса пайдаланатын деңгейде даярланатын болады.

Мысалы медицина, ауыл шаруашылығы, құрылыс, заңтану және басқа да салалық бағыттарда оқитындарға осы цифрлық құзыреттілікті игертіп пәнаралық мамандар болып шығатын болады.

Осы жобаның нәтижесінде терең IT білімі бар жаңа мамандар шығарылатын болады.

Аталған жобаның шеңберінде жыл сайын 400 мыңнан астам кадрлар "цифрлы құзыреттілікке" ие болып шығарылады.

Осылайша, 2030 жылы әр деңгейдегі оқу орындары жаңа формациядағы 3 млн-нан астам маман даярлайды.

Орта білім беруде 2013 жылға дейін ақпараттық техологиялар пәні 7-сыныптан басталып, ескірген мазмұннан тұрды, одан кейін 5 сыныпқа түсірілді.

Бірақ осы бағдарламаларда көбінесе компьютер пайдалану, офистық қосымшаларды игеру сиақты қарапайым дағдылар беріп, жаңартуды тапап етті.

Сондықтан, енді 2021 жылдан бастап, Цифрлы сауаттылық пәні 1-сыныптан бастап енеді. Балалар алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, Scratch кодтау тілін үйренеді, 3-сыныптан бастап STEM, 3Д-принтинг, робототехника негіздерін.

Сонымен қатар, IOS, Android операциялық жүйелерін, және Python, С++ сиақты программалау тілдерін үйренеді.

Ол үшін елімізде облыс орталықтарында жаңадан 25 арнаулы IT -лицей ашылды, 447 STEM зертханасы мен 2 мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылды.

Қосымша білім деңгейі бойынша

Оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен робот техникасы кабинеттері ашылды.

Сабақтан тыс үйірмелерде балалар роботтарды программалауды, 3D-printing оқып үйренуде.

Дегенмен, бұларды әлі жеткіліксіз деп есептеймін, және Алем, Квант алдыңғы қатарлы мектептердің үлгісі бойынша арнайы программалау мектептерін әр облыста ашу бойынша әкімдерге тапсырма беруіңізді сұраймын.

Педагогтер де IT сауаттылығын арттыру курстарынан өтетін болады.

Соның ішінде IT пәнінен сабақ беретін ұстаздардың робот техникасы мен бағдарламалау бойынша оқытудан өтуі маңызды.

Колледждер бойынша

Колледждерде IT мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі ұлғаюда.

Жаңа жобаның шеңберінде әр облыста IT құзыреттілік орталығы ашылады.

Орталықтар WorldSkills халықаралық стандарттарын іске асыру үшін әдістемелік, сараптамалық, жаттығу жұмысын ұйымдастырады.

Биыл жаңа оқу жылынан бастап цифрлық сала үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын жетекші колледждердің базасында жаңа мамандықтар атласына сәйкес 31 жаңа бағдармалар еңгізіледі.

Жоғары білім беру жүйесінде IT мамандығы бойынша 51 мыңнан астам студент оқиды.

Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайуда.

326 кәсіптік стандарттардың негізінде ІТ бағыты бойынша 95% бағдарлама жаңартылды.

Енді осы қыркүйек айынын бастап бірнеше өзгеріс еңгізіледі:

Штатта ғана жұмыс істеу керек деген талап азайтылғанның арқасында өндірістегі мамандарды тартуға мүмкіндік пайда болдады, бұган қоса ғылыми дәрежесі бойынша талаптар да жұмсартылып енді осы ІТ саласының білікті мамандары университеттерде сабақ бере алып, кеңнен тартылатын болады.

Біз білім беру бағдарламаларындағы өзгерістер:

2018 жылға дейін көбінесе 2 ақ ІТ мамандығы: информатика, информатика және есептеу техникасы бойынша ғана даярлау жүргізілді.

Өндірісте қолданылмайтын тілдерге үйрету мәселесі де болды өйткені академиялық еркіндік болмады.

2019 жылдан бастап университеттерге академиялық еркіндік берілді.

Енді осы жобаның шеңберінде жаңа оқу жылынан бастап 91 инновациялық бағдарлама еңгізіледі.

Мысалы келесідей жаңа бағдарламалар пайда болды:

o Үлкен деректерді талдау

o Киберқауіпсіздік

o Робототехникалық жүйелер

o Жасанды интеллект (VR/AR).

Маңыздысы пәнаралық бағдарламалар бойынша мамандарды кеңнен дайындаймыз:

Мысалы: Цифрлы криминалистика, Медицинадағы аддитивті технологиялар", "Жобалаудағы BIM-технологиялар", "Дәлме-дәл егіншілік" сиақты.

Халықаралық тәжірибе негізінде жаппай ашық онлайн курстар жүзеге асырылады. Олар өте қолжетімді және жылдам жаңа дағды алуға қолайлы.

"Қазақстанның ашық университетін" құрылды, ол тегін онлайн-курстармен білім беретін онлайн-платформа болып табылады. Бүгінгі таңда бұл платформаға еліміздің тағы 63 жоғары оқу орны қосылды.

Таға да 21 университет ұйымдастырған Ашық онлайн курстар платформасы жұмысын бастады. Онда әлемнің 28 елінен 146 әріптестің қатысуымен 2193 курс ұсынылады.

Ғылым саласында да осы IТ технологиялар бойынша 49 ғылыми жоба іске асырылып жатыр.

Ғылыми жұмыстарды жүргізу үшін жоғары оқу орындарында қуаты 3000 террафлопс суперкомпьютерлері қолданылуда.

PISA зерттеуі көрсеткендей, интернетке қосылған компьютерлердің болуы оқушылардың нәтижелерін 20 балға арттырады.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мектептерді интернет желісіне толық қосуды қамтамасыз етуі тиіс. Мектептерді компьютерлендіруді және тиісті құралдармен жабдықтауды аяқтау қажет. Мектептерде кем дегенде 5 оқушыға 1 компьютерден келуіне қол жеткізу қажет.

Бұған қоса 2022 жылға дейін робототехника және STEM зертханаларын барлық мектептерге сатып алу қажет екенін айтамын.

Жалпы ұсынылған шаралар адами капиталды дамытуға, цифрлық экономика үшін жаңа кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.

АХҚО желісі бойынша

Адами капиталды дамыту үшін негізінен үш трендті ескеру қажет:

"Адами капиталдың" стратегиялық рөлі

Адами капиталды дамыту - бұл министрліктің, ведомствоның немесе білім беру институттарының міндеті емес. Адами капиталды дамытуды -шағын кәсіпкерліктен бастап экономиканың барлық салалары ескеруі тиіс. Адами капиталды дамытсақ, әрі қарай құрылымдық реформаларды жүргізіп, экономикалық өсімге қол жеткіземіз!

Бұл елдің стратегиялық дамуындағы басты басымдық болуы тиіс.

Технологиялық прогреске сапалы ұмтылыс

Біз технологиялық прогрестен тысқары қалмау үшін алға ұмтылуымыз керек. Дамыған елдердің тізіміне кіреміз бе, жоқ па? Алдағы 10 жылда не істейтініміз - осыны анықтап береді.

Білім берудің ауқымды бағдарламасын қабылдау

Ақпараттық Tехнология саласындағы білікті кадрларды уақтылы даярлау өте маңызды. EdTech, HR-tech, talent-tech сияқты сөздер Төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа дәуіріндегі сөздер. Мысалы, Араб Әмірліктері "One Million Arab Coders" (БАӘ) бағдарламасын қолға алып жатыр. Осыған ұқсас бастамалар біздің өңірде де бар.

Ұсыныстар:

Қазақстан үшін біз Сингапурдың "Skills Future" (Болашақтың дағдылары) бағдарламасына сай АХҚО-ның Үзіліссіз кәсіби даму бюросының алаңында сәтті бейімделіп, іске асырылған өзіміздің бірегей жолымызды ұсынамыз.

Соңғы үш жыл ішінде АХҚО Бюросы қаржы индустриясының 5 000-нан астам маманын ең үздік халықаралық сертификаттау бағдарламалары бойынша оқытты. Қаржылық және инвестициялық сауаттылық бағдарламалары 20 000-нан астам адамды қамтыды. Қазіргі сәтте "Болашақ университеті" жаңа тұжырымдамасы енгізілуде, оның аясында кем дегенде 50 000 адамды қамтитындай етіп кеңейту жоспарланып отыр.

Адами капиталды дамытуға мульти-векторлы тәсіл ұсынылады:

1.Агротех, финтех, едутех үлгісі және сабақтас салалардың түйіскен жеріндегі басқа да бағыттар бойынша, бүкіл халық арасында базалық цифрлық сауаттылықты қалыптастыратын бұқаралық бағдарламаны бастауды ұсынамыз.

Бұл бастаманың алдағы 5-10 жылдың ішінде мектеп оқушылары, студенттер, 1 миллионнан астам адамды қамтуға әлеуеті бар. Осыған байланысты ЦДИАӨМ, БҒМ, АХҚО бірлесуімен, біз "Зерде" институттарының, АХҚО Бюросының және басқа да бейінді ведомстволардың қазіргі базасында Білім беру технологиялық бағдарламаларын дамыту орталығын (EduTech орталығы) құруды ұсынамыз.

2.Бағдарламалық сервис инженерлері, киберқауіпсіздік бойынша мамандар, үлкен деректерді зерттеушілер, клиенттік сервистер мен full stack серверлік бағдарламалық жасақтаманы жасаушылар сияқты жоғары білікті мамандардың аса қажетті тобын құруға арналған бағдарламаны қабылдауды ұсынамыз.

Иннополис, Тель-Авив, Беларусь жоғары технологиялық паркі, Кремний алқабы және т.б. тәжірибесіне сүйене отырып, өңірлік және әлемдік нарықтарда бәсекеге түсе алатын жоғары білікті мамандардың аса қажетті шоғыры 2025 жылға қарай кем дегенде 50 000 маман болады деп санаймыз.

Қолданыстағы бастамалар мен жобаларды (IT-университеттер, Астана Хаб, ТеchGarden, Зерде, Финтех Хаб, АХҚО бюросы және т.б.) ескере отырып, Білім беру IT-Альянсын құруды ұсынамыз.

Бұл Альянс өз қызметінің алғашқы кезеңінде қаржы, өнеркәсіп, сауда, ауылшаруашылық және басқа да салаларды қоса алғанда, Қазақстан экономикасының негізгі салаларын цифрлық трансформациялаудың негізгі құралы бола алады.

Көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шаралар туралы

ҚР ҰЭМ желісі бойынша

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, рәсімдерді оңайлату және көлеңкелі айналымдар үшін тиімсіз ортаны құру қадағаланбайтын экономика деңгейін төмендетудің тиімді құралы болып табылады.

Осыған байланысты, мынадай бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл - салықтық ынталандыру, есепке алуды жетілдіру, цифрландыру және бизнес үшін рәсімдерді оңайлату.

Салық салу саласында кірістерді есепке алудың ашықтығын ынталандыру, арнайы салық режимдерін жетілдіру, салықтық әкімшілендіруді оңайлату жөнінде шаралар қабылданды.

Кірістерді есепке алудың ашықтығын ынталандыру бойынша

Бизнеспен талқылауды ескере отырып, 2019-2020 жылдары онлайн кассалық машиналарды қолдану енгізілді. Бұл ретте, онлайн кассалық машиналарды сатып алуды жеңілдету үшін ынталандыру берілді - кассалық машинаның құны салық сомасынан шегеріледі. Осылайша, шығындар өтеледі.

Қолма-қол ақшасыз айналымдарды заңдастыру үшін қосылған құн салығын тіркеу бойынша шек есебіне қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізілмейді.

Бұдан басқа, патент бойынша арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін саудадағы қолма-қол ақшасыз айналымдарға арналған мөлшерлеме 2%-тен 1%-ке дейін төмендеді.

Нәтижесінде 2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,4 есеге артты.

Арнайы салық режимдерін жетілдіру бойынша

Шағын және орта бизнес үшін режимдерді қолдану критерийлері кеңейтілді.

Сауда саласы оңайлатылған декларация бойынша режимге ауыстырылды. Жаңа тіркелген шегерім режимі енгізілді.

Бұл ретте, соңғы 2 жылда арнайы салық режимдерін қолданатын кәсіпкерлер саны 20%-ке артып,

1,2 млн. төлеушіге жетті.

Салықтық әкімшілендіруді оңайлату бойынша

Тіркеу, төлемдерді төлеу ыңғайлы болу үшін, бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімі қысқарды (5 жылдан 3 жылға дейін).

Сонымен қатар, бірінші құқық бұзушылық кезінде айыппұл ескертуге ауыстырылды. Кәсіпкерді тіркегеннен кейін бірінші жылы жоспарлы тексерулерге тыйым салынды.

Салықтық тексерулерді қысқарту үшін тексерулердің орнына есептілік қағидаты бойынша арнайы мониторинг енгізілді. Арнайы бақылау шоты арқылы қосылған құн салығын жедел қайтару көзделген.

Осы шаралардың барлығы есепті тапсыруға жұмсалған уақыт көрсеткішінің 30%-ке жақсаруына ықпал етті.

Жоспарланып отырған салықтық ынталандыру шаралары шеңберінде, Министрлік еңбекақы төлеу қорынан төлемдер төлеуді бірыңғай төлем құжаты арқылы жеңілдетуді қарап жатыр.

Есептілікті алдын ала декларациялау ұсынылады. Яғни, салық органдары салық төлеушілерге декларация толтыруға көмектеседі. Бұл ретте, ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректер базасынан алынатын болады.

"Тиісті сақтық" қағидатын енгізу пысықталуда.

Бұл құралдың арқасында салық төлеуші мәмілелердің дұрыс жасалуына көз жеткізе алады. Бұл бизнесті жосықсыз контрагенттерден - "жалған кәсіпкерлерден" қорғайды.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік есепті алып тастау және салық есебін оңайлату ұсынылады. Бұл арнайы салық режимдеріне қатысты болады.

Өз есебін цифрландырған салық төлеушілерді тексеру үшін тәуекел дәрежесін төмендету ұсынылады.

Есепті жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді

Бұл - статистикалық есептілікті тапсыру процесін оңайлату және бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін жетілдіру.

Статистикалық есептілік бойынша. Статистикалық нысандар саны 21%-ке төмендеді (2013 жылы 181-ден 2019 жылы 143-ке дейін). Есептілік нысандары оңтайландырылды, толтыру уақыты 15%-ке қысқарды.

Ірі және орта кәсіпорындар барлық есепті электронды нысанда тапсырса, шағын кәсіпорындардың жартысы есепті электронды түрде тапсырады.

Қадағаланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі жетілдірілді

Ескі әдістеме жасалған құқық бұзушылық статистикасына негізделген болатын.

Жаңа әдістеме үш негізгі қағидатқа негізделген.

Бұл - халықаралық стандарттар, қаржы-шаруашылық қызмет бойынша есептілікті пайдалану, сондай-ақ салалар бойынша экономикалық бағалау.

Осылайша, жаңа әдістеме салалар мен жалпы экономиканы формализациялау әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.

Цифрландыру бойынша да шаралар қабылдануда

"SMART BRIDGE" жобасы жүзеге асырылуда. Мемлекеттік органдардың жүйелері мен жеке бизнес арасындағы өзара іс-қимыл процесі жеңілдетілді.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүргізілуде. Бүгінгі таңда 344 интеграция жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін толық интеграция жоспарлануда.

Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылады. Қызмет көрсету мерзімі 3 есеге қысқарды.

Ағымдағы жылдың соңына дейінгі міндет - мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін 100 процентке интеграциялау және мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 90%-тін онлайн түрде көрсету болып табылады.

Әкімшілік кедергілер мен рәсімдерді қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді

Жалпы алғанда, 2014 жылдан бастап жүйелі негізде жүргізілген заңнамалық реформалар нарыққа кіруді оңайлату, реттеуші ортаны жетілдіру, әкімшілік кедергілерді алып тастау және рәсімдерді оңайлату бойынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.

Нарыққа кіруді оңайлату үшін лицензиялар мен рұқсаттар саны екі есеге қысқарды, Кәсіпорындарды тіркеу оңайлатылды, банктің ағымдағы шотын онлайн ашу енгізілді.

Реттеуші ортаны жетілдіру

Қоғамдық талқылаусыз бизнес үшін шығынды нормаларды енгізуге тыйым салынды, бизнесті жоспардан тыс тексеру үшін негіздер екі есе қысқарды, өзін-өзі реттеу енгізілді.

Әкімшілік кедергілерді алып тастау және рәсімдерді оңайлату

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін тіркеу алымы, мөрдің болуы туралы талап, сондай-ақ жаңа құрылыс объектілерін тіркеу кезінде техникалық паспортты ресімдеу қажеттілігі алып тасталды.

Техникалық жағынан күрделі емес объектілер бойынша бірқатар құжаттар мен сараптамалар алып тасталды, электр желілеріне қосу кезіндегі рәсімдер қысқарды, жер учаскелерін беру кезінде "бірыңғай терезе" қағидаты енгізілуде.

Сатып алу-сату мәмілелерін тіркеу, техникалық шарттар беруге өтініш беру және талап арыз беру электрондық нысанға ауыстырылды.

Әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту және рәсімдерді оңайлату бойынша мынадай шаралар қабылдау жоспарлануда

Артық талаптарды қысқарту мақсатында кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтардың шағымдары бойынша мемлекеттік органдардың тиімсіз актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру тетігін енгізу ұсынылады. Яғни, бизнеске кедергі келтіретін шешімдер тез күшін жоюы және түзетілуі мүмкін.

"Екеуінің орнына бір реттеу" қағидатын енгізу. Бұл қолданыстағы екі құралдың орнына жаңа реттеуші құралды енгізуді көздейді. Осылайша бизнеске реттеуші жүктеме төмендейді. Лицензиялар мен рұқсаттарды оңтайландыру жоспарлануда.

Бақылау мен қадағалаудың жүктемесін төмендету

Жоспарлы тексерулерге балама ретінде "кәсіпорындарды диагностикалауға" көшу қамтамасыз етіледі.

Бизнестің мұндай диагностикасы жауапкершілікке тартпай жүргізілетін болады және жоспарлы тексерулерді қысқартуға мүмкіндік береді.

Қызметтерді цифрландыру шеңберінде бизнес үшін барлық қызметтерді толық электрондық нысанда қамтуды қамтамасыз ету ұсынылады.

Бизнесті қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген барлық шаралар қадағаланбайтын емес экономика деңгейін 2025 жылға қарай 20%-ке дейін төмендетуге бағытталған.

Бұл көрсеткіш Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында бекітілген.

Аталған шараларды іске асыру экономиканың тұрақтылығына, бюджеттің теңгерімділігіне, бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны