14.07.2020, 10:23 3520

Шымкент қаласында кірме жолдар қызметтерінің тарифтері төмендетілді

Шымкент қаласында кірме жолдар қызметтерінің тарифтері төмендетілді

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында кірме жолдар қызметтерінің тарифтері төмендетілді.

"Шымкент Рем Сервис" және "Темір Жол 2030" ЖШС-нің 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды. Қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2019 жылы жоғарыда көрсетілген субъектілердің негізсіз табыс сомасы 8 156 852 теңгені құрады, оның ішінде:

- "Шымкент Рем Сервис" ЖШС-ы бойынша - 6 024 471 теңге;

- "Темір Жол 2030" ЖШС-ы - 2 132 381 теңгені құрады.

Осылайша, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бұйрықтарымен келесі уақытша өтемдік тарифтер енгізілді:

- "Шымкент Рем Сервис" ЖШС-ы үшін жылжымалы құрамның өтуі үшін бір жыл мерзімге 2844,8 теңге/вагон-км мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 6805,85 теңге/вагон-км 58,20% - ға төмендетумен;

- "Темір жол 2030" ЖШС-ы үшін жылжымалы құрамның өтуі үшін бір жыл мерзімге 1562,59 теңге/вагон-км мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 3100,00 теңге/вагон-км 49,59% - ға төмендетумен.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны