11.08.2020, 19:59 7755

Қазақстанда келесі вегетациялық маусымда суды аз тұтынатын дақылдардың егісі артуы мүмкін

Қазақстанда келесі вегетациялық маусымда суды аз тұтынатын дақылдардың егісі артуы мүмкін. Бұл туралы "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев баяндады.

Алматы. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Экология министрлігі вегетациялық кезеңнің қорытындылары бойынша өңірлердің сумен қамтамасыз етілуіне талдау жасайды.

Қазақстанда келесі вегетациялық маусымда суды аз тұтынатын дақылдардың егісі артуы мүмкін. Бұл туралы "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев баяндады.

"Вегетациялық маусым өңірлерде күрделі жағдайда өтуде. Бірақ сонымен бірге көптеген мәселе өз шешімін тауып, проблемалар күн тәртібінен түсуде. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, қажет болған жағдайда оны күшейтеміз. Вегетациялық кезеңнің соңында терең жүйелі талдау жүргізіп, сонымен қатар шаруа қожалықтарымен бірге суды аз қажет ететін, бірақ сонымен бірге өнімділігі жоғары дақылдарды егу алаңын ұлғайту мәселелерін де қарастырамыз", - деді М.Мырзағалиев.

"Біз бұл жұмыстарды Ауыл шаруашылығы министрлігімен, облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, келесі вегетациялық маусымға дейін аяқтамақпыз. Бұл біздің аграршылар үшін республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық мәселе. Сондықтан бұған назар аудару, әрине, орынды болмақ", - деді министр.

Сұхбаттың толық мәтіні сілтеме бойынша: https://www.kazpravda.kz/interviews/view/glava-minekologii-kazahstana--vodoobespechenie-regionov--vopros-strategicheskii

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны