19.10.2020, 21:36 7067

Алматыда сауда саласы біртіндеп коронавирусқа дейінгі даму деңгейіне қайта оралуда

Жалпы, қаланың республикалық көлемдегі бөлшек тауар айналымының үлесі 30,4% - ды, көтерме сауда айналымының үлесі 42,8% - ды құрады.

Алматы. 19 қазан. Kazakhstan Today - Сауда саласы біртіндеп коронавирусқа дейінгі даму деңгейіне қайта оралуда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин хабарлады.

Басқарма басшысының айтуынша, сауда саласында да оң динамика байқалады. Егер соңғы айлардағы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, бөлшек және көтерме тауар айналымының көлемі 90% - дан асты және бұрынғы деңгейге оралуда.

"Жалпы, бұл қанағаттанарлық көрсеткіш емес, өйткені республиканың 50% - ын біздің тауар айналымымыз қалыптастырады. Осыған байланысты, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр деп айта аламыз. Сондай-ақ, біз азық-түлік өндірушілерден бастап техникалық және құрылыс өнімдерін сатушыларға дейінгі ірі кәсіпкерлермен байланыстамыз, олар бізге белгілі бір өнімге халықтың сұранысы мен қызығушылығы туралы хабарлайды. Осы тұрғыдан алғанда, біздің осы компаниялармен бірлескен тікелей жұмысымыз мемлекеттік бағдарламалардың тетіктерін пайдалана отырып, қалыптасқан жағдайды түзету болып табылады", - деп атап өтті Е.Оразалин.

Алматы қаласында сауда және қызмет көрсету салалары негізгі салалар болып табылады. Осыған байланысты, 2015 жылы "Даму "КДҚ" АҚ-мен бірлесіп, сауда, сұлулық салондарының, спа, хостелдердің және басқа да салалардың жұмысы саласында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған "Almaty Business" өңірлік бағдарламасы әзірленді.

"Айта кету керек, қазір көптеген Мемлекеттік бағдарламалар бойынша өзгерістер енгізілуде. Мысалы, егер бұрын мемлекеттік бағдарламалар негізінен өндіріс саласын қамтыса, қазір сауда және қызмет көрсету саласындағы компаниялар осы қаржылық мүмкіндіктерге қол жеткізе алады. Жалпы, бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша биыл 7,8 млрд теңге бөлінді, оның 6 млрд теңгесі нақты жобаларға бағытталды", - деді ол.

Жалпы, қаланың республикалық көлемдегі бөлшек тауар айналымының үлесі 30,4% - ды, көтерме сауда айналымының үлесі 42,8% - ды құрады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны