19.10.2020, 21:57 8200

Қазақстан Сауда және интеграция министрі Лихтенштейн Мемлекеттік істер және қаржы министрлігінің бас хатшысы Маркус Бидерманмен кездесті

16 қазанда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов өзінің Лихтенштейнге жұмыс сапары барысында Мемлекеттік істер және қаржы министрлігінің бас хатшысы Маркус Бидерманмен кездесті

Алматы. 19 қазан. Kazakhstan Today - 16 қазанда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов өзінің Лихтенштейнге жұмыс сапары барысында Мемлекеттік істер және қаржы министрлігінің бас хатшысы Маркус Бидерманмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық және қаржылық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылады. Қазақстан министрі Лихтенштейн тарапына Лихтенштейнді жеңілдетілген салық салынатын юрисдикциялар тізімінен шығару туралы ресми хабарламаны тапсырды.

Лихтенштейн тарапы бұл шешімді ризашылықпен қабылдап, аталған шешімді екі ел арасындағы іскерлік байланысты кеңейтудің тиімді қадамдарының біріне айналатынын атап өтті. Атап айтқанда, бұл Лихтенштейннен Қазақстанға тауарларды тікелей жеткізуді және қаржы-несие саласындағы өзара әрекеттесуді күшейтуге мүмкіндік береді.

Б.Сұлтанов Лихтенштейн бизнесін Қазақстанның ЕАЭО мүшелігін және Жаңа Жібек жолындағы негізгіпозициясын ескере отырып, Қазақстан ұсынған мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды. Ынтымақтастықты дамытудың келешегі ең жарқын бағыттарының бірі ретінде АХҚО алаңы аталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны