25.01.2021, 15:37 6473

Алматыда электр энергиясымен жабдықтау тарифі төмендетіледі

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап электрмен жабдықтау тарифін халық үшін 1,5%-ға, заңды тұлғалар үшін 1,2%-ға төмендетіледі.
Алматы. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап электрмен жабдықтау тарифін халық үшін 1,5%-ға (ҚҚС-сыз кВт-сағ үшін 17,12 теңгеден ҚҚС-сыз кВт-сағ үшін 16,86 теңгеге дейін), заңды тұлғалар үшін 1,2%-ға (ҚҚС-сыз кВт-сағ үшін 18,47 теңгеден ҚҚС-сыз 18,25 теңгеге дейін) төмендетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл төмендеуге электр энергиясын беру және теңгерімдеу тарифтерінің төмендеуіне, қуатты қамтамасыз етуге байланысты қол жеткізілді. Халық үшін үнем 554 млн теңгені, заңды тұлғалар үшін 820 млн теңгені құрайды", - деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитеті.

 
Өз кезегінде, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтан бюджеттік ұйымдарға жүктемені қайта бөлу фактісі қосымша ықпал етті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны