16.11.2021, 19:49 64021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет АӨК субсидияларын ұрлау фактілері бойынша 65 қылмыстық істі тергеуде
Сурет: pixabay.com
Достарға айту
Бүгін X Азаматтық форум барысында Агенттік төрағасы Марат Ахметжанов хабарлағандай, соңғы 5 жылда АӨК субсидиялауға 2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді.
М. Ахметжанов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзіндік моделін қалыптастыруға мүмкіндік берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріндегі жұртшылықтың рөлі туралы айтып берді.
Атап айтқанда, ол сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесін жетілдіру туралы, сарапшылар ретінде азаматтық қоғам өкілдері шығатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институтының жұмысы туралы, бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі институтын енгізу және квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтерді енгізу туралы атап өтті.
Агенттік сыбайлас жемқорлықты жеке дара жеңе алмайтынын түсіну маңызды болып табылады. Барлық азаматтық қоғамды белсенді тарту қажет. Сондықтан қоғамдық белсенділік алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын әзірлеу кезінде ерекше маңызға ие болды", - деді М. Ахметжанов.
Тұжырымдаманы әзірлеуге бей-жай қарамайтын азаматтар мен ҮЕҰ өкілдерінің белсенді қатысуымен дайындалғанын атап өткен жөн.
Қазір тұжырымдама парасатты қоғамды қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмауға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын, бюджеттік процестердің транспаренттілігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге бағытталған 6 негізгі блокты көздейді", - деп атап өтті Агенттік Төрағасы.
Сонымен қатар, М. Ахметжанов жобалық басқаруды енгізудің маңыздылығы туралы айтып берді, бұл лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін дербестендіруге және нақты және өлшенетін көрсеткіштерді белгілеуге мүмкіндік береді. Яғни нәтижеге шоғырлану.
Өз сөзін қорытындылай келе, Агенттік Төрағасы қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық схемалар мен жасырын ұрлықтарды ашуға баса назар аударғанын, бұл ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 қылмыстық істі тіркеді. 18 адам күдікті деп танылды. Оның 14-і қамауда. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда", - деді М.Ахметжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.11.2025, 16:36 45831
Жаңа астық экспорты 2 миллион тоннаны құрады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметінше, ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Қазақстаннан жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасы экспортталды. Салыстырмалы түрде қарасақ, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,8 миллион тонна болған. Бұл - экспорт көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт көлемі 42%-ға артып, 738 мың тоннадан 1 049 мың тоннаға дейін артты. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 2,6 есеге, 24 мыңнан 64 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға 3,1 есеге (18 мыңнан 56 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға 42,5%-ға (73 мыңнан 104 мың тоннаға дейін), ал Түрікменстанға 2,3 есеге (3 мыңнан 7 мың тоннаға дейін) өсті.
Астық экспортының көрсеткіші Қазақстанның халықаралық нарықтағы беделінің нығайғанын және ұлттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.10.2025, 20:53 46186
TikTok Серік Жұманғаринге Қазақстандағы бизнеске цифрлық платформаның ықпалы жөніндегі зерттеу нәтижелерін таныстырды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Моңғолия елдері бойынша TikTok компаниясының мемлекеттік органдармен және корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Сергей Соколовпен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесуде TikTok пен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижелері таныстырылды. Зерттеу Қазақстанда цифрлық платформалардың кәсіпкерлікке тигізетін ықпалын бағалауға арналған. Сауалнамаға елдің 20 өңірінен 300-ден астам шағын және микро бизнес өкілдері қатысты. Бұған дейін осындай зерттеулер TikTok тарапынан АҚШ, Ұлыбритания, Мексика және Сауд Арабиясында да жүргізілген.
Екі жыл бұрын Мемлекет басшысы мен платформаның бас директоры кездескен болатын.
Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталов TikTok-пен әріптестік нақты нәтижелер беріп жатқанын атап өтті.
Мәселен, "Бір өнім - бір ауыл" жобасы аясында кәсіпкерлер TikTok құралдарын пайдаланып, өз өнімдерін онлайн ілгерілету және сатылымды арттыру тәсілдерін үйренді. Зерттеу нәтижелері бизнес белсенділігі мен қаржылық көрсеткіштердің TikTok-тағы жұмысқа тікелей байланысты екенін көрсетті.
Апта сайын контент жариялайтын әр сегізінші компаниялардың табысының жартысынан астамын дәл осы платформадан табады. Ал жалпы 63% кәсіпорын жылдық табысының кем дегенде 5%-ы TikTok арқылы қалыптасатынын айтты", - деді Райымбек Баталов.
Даму" қорымен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге TikTok құралдарын тиімді пайдалану бойынша оқыту бағдарламасын кеңейту жоспарлануда. Сонымен қатар Райымбек Баталовтың айтуынша, шағын бизнестің дамуына заманауи цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен енгізу - "Атамекен" палатасының басты міндеттерінің бірі. Бұл бағыт Үкіметпен бірлесіп әзірленіп жатқан қаржылық, қаржылық емес және инфрақұрылымдық қолдау шараларымен қатар, TikTok секілді ірі халықаралық платформалардың тәжірибесін қамтиды.
Сергей Соколовтың айтуынша, Қазақстан - аймақтағы ең жылдам дамып келе жатқан нарықтардың бірі.
TikTok мүмкіндіктерін пайдалану әлеуеті мұнда әлі толық ашылған жоқ. Біз "Атамекенмен" және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бизнестің цифрландыру деңгейін жаңа сатыға көтеруге дайынбыз", - деді ол.
Зерттеу деректеріне сәйкес, TikTok-та ең жоғары нәтижелерге шығармашылық және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар - қонақ үй және демалыс индустриясы, ойын-сауық, сұлулық пен денсаулық қызметтері көрсетіп отыр.
Білім беру және туризм бағытындағы контент те сұранысқа ие - қазақстандық мұғалімдердің, мәдени және туристік жобалардың бейнежазбалары миллиондаған қаралым жинаған.
Кездесуде цифрлық қауіпсіздік, онлайн орта мәдениеті мен тұрақты даму мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар уәкілетті органдармен бірлесе жүзеге асырылады.
Серік Жұманғарин TikTok бастамалары мен зерттеу нәтижелерін оң бағалап, Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік блогы осы бағыттағы жұмыстарға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.10.2025, 14:45 46676
Серік Жұманғарин Al Khaleej Sugar компаниясының президентімен Қазақстандағы ең ірі қант зауытын салу жобасын талқылады
Достарға айту
Вице-премьер - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Al Khaleej Sugar компаниясының президенті Аль Ғурейр Джамальмен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында еліміздегі ең ірі қант зауытын салу жобасын жүзеге асырудың дайындық барысы қаралды. Ол үшін "Алатау" арнайы экономикалық аймағына кіретін Қонаев қаласы аумағынан 1000 гектар жер бөлінген. Қазіргі уақытта инфрақұрылым мәселесіне баса көңіл бөлініп, газ және электр жүйесін тарту бойынша жұмыстар қолға алынуда.
Сонымен қатар шикізаттық базаны қамтамасыз ету де басты назарда. Жобаның бірінші кезеңі аясында қант қызылшасын өсіру үшін 65 мың гектар жер белгіленді, алдағы уақытта кеңейту жоспарланған. Бүгінде жерді бекіту және суару жүйесіне дайындау бойынша қажетті рәсімдер жүргізілуде. Су инфрақұрылымын жолға қою үшін халықаралық қаржыландыру тетігін тарту жоспарлануда. Өңірдегі шаруалар болашақ зауыттың талабына сай болу мақсатында 100 мың гектар жерге қызылша егуге дайын екендіктерін растады.
Тараптар жобаны іске асырудың қыр-сырын жан-жақты талқылап, құрылыс жұмысын неғұрлым тезірек бастауға ынталылық танытты. Тиісті мемлекеттік құрылымдарға қатысты жұмыстарды үйлестіру және жедел шешім қабылдау үшін жұмыс тобын құру ұсынылды. Араб елі тарапы мердігерлік EPC-келісімшарт жасауға да дайын екендерін жеткізді, бұл жылдам іске кірісуге жол ашады.
Анықтама:
Қазақстандағы ең ірі қант зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны "QazaqArab Sugar" ЖШС жүзеге асырмақ. Жобаның жылдық дайын өнім қуаты - 500 мың тонна. Жалпы құны - 313,6 миллиард теңге. Жобаны іске асыру мерзімі - 2025-2028 жылдар. 450 тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.10.2025, 09:36 47696
Металлургия мен құрылыс салалары экономикалық өсім қарқынын төмендетпеуі тиіс - экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласының динамикасы жан-жақты қаралды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұл бағыттарда өсім қарқыны жоспардан төмен болғаны атап өтілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өңдеу өнеркәсібінде машина жасау (+14%), химия өнеркәсібі (+9,6%), құрылыс материалдарын өндіру (+4,7%), жеңіл өнеркәсіп (+9,4%), резеңке мен пластмасса бұйымдарын шығару (+6,1%), дайын металл өнімдерін өндіру (+15,2%) салалары басым өсім көрсетуде.
Қаңтар-қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсібінің өсімі +6,2% құрады, ал он айдың қорытындысы бойынша өсім шамамен +6,3% деңгейінде болжануда. Негізгі баяулау металлургия саласында байқалады, оның үлесі өңдеу өнеркәсібінің шамамен 40%-ын құрайды. Айта кетейік, 2024 жылы металлургия соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке - 6,9% өсімге қол жеткізген болатын, бұл биылғы жылға жоғары база қалыптастырды. Штаб отырысында баяулаудың себептері жан-жақты талданып, саланың өсуін жеделдету шаралары талқыланды.
Қара металлургиядағы бәсеңдеу негізінен ферроқорытпа мен болат өндірудің азаюына байланысты. Бес ферроқорытпа зауытының төртеуі биыл электр энергиясы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өндіріс көлемін қысқартқан. Әсіресе, Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда өнім көлемі азайған, бұл өңірдің жалпы өңірлік өнімінде 0,9% үлеске ие. Сондай-ақ саладағы бірқатар кәсіпорындарда жүргізілген жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары да әсерін тигізді.
Түсті металлургияда өсім қарқынының төмендеуі Васильков кен орнында шахталық әдіске көшу және қорлардың сарқылуымен байланысты.
Серік Жұманғарин Энергетика министрлігіне қысқа мерзім ішінде қолданыстағы құжаттарға өзгерістер енгізу мүмкіндігін пысықтап, ферроқорытпа зауыттарына төмендетілген тариф бойынша электр энергиясын беруді қарастыруды тапсырды.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша машина жасау саласы 14% өсім көрсетті. Салаға жаңа серпін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында жеңіл автокөлік өндірісінің іске қосылуы арқылы берілмек.
Химия өнеркәсібі де тұрақты өсімін сақтап отыр - 9,6%. Бұл өсім аммофос (+55,4%), аммиак селитрасы (+14,5%), натрий цианиді (+5,4%), полипропилен (+50,5%), сары фосфор (+12,6%) және күкірт қышқылы (+7,3%) өндірісінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.
Биылғы жылы құрылыс жұмыстарының ең үлкен үлесі көлік инфрақұрылымына тиесілі - 21,3% (жолдар мен автомагистральдар, теміржол және метро, көпірлер мен тоннельдер құрылысы). Өнеркәсіптік нысандар үлесі - 20,5% (сумен қамту, кәріз жүйелері мен тұрғын үй құрылысы). Газ құбырлары, электр беру желілері және жылу желілерін салу жобалары шамамен 5,6%-ды құрайды. Сала өсімінің қарқыны жоғары деңгейде сақталуда: тоғыз айда +14,9%, он айдың қорытындысы бойынша +15,2% күтілуде.
Серік Жұманғарин тоғыз ай қорытындысы бойынша құрылыс қарқыны төмендеген өңірлердің әкім орынбасарларының баяндамасын тыңдап, әрбір өнеркәсіп нысаны мен құрылысты тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Қиындықтар туындаған жағдайда, мәселе жедел түрде штабтың қарауына шығарылуы тиіс деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.10.2025, 17:30 47891
Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты халыққа Жолдауында берілген экономикаға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда министрліктер мен әкімдіктердің өңірлердегі инвестиция көлемін және инвестициялық жобаларды іске қосу қарқынын үдете түсу жұмыстарының тиімділігін арттыруға назар аударылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың, облыс әкімдерінің, сондай-ақ ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиевтің баяндамалары тыңдалды.
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін ел экономикасына $150 млрд шетелдік инвестиция тарту туралы қойған міндетіне назар аударды.
ҚР ҰЭМ деректері бойынша биылғы 9 айда негізгі капиталға салынған инвестицияның (НКИ) жалпы көлемі 13,8 трлн теңгені құраған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға артық. Ең үлкен өсім энергетика, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және көлік салаларында тіркелді. Қаражаттың негізгі көлемі жылжымайтын мүлік, көлік және тау-кен саласына құйылған. Өңірлер арасында Астана қаласы, Түркістан облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуде көш бастап тұр. Ал Қарағанды, Атырау, Ұлытау, Абай, тағы басқа да облыстар белгіленген межеден артта қалып отыр.
2025 жылғы қазандағы жағдай бойынша Бірыңғай ұлттық пулдың шеңберінде елімізде 185 инвестициялық жоба жүзеге асырылған, жыл соңына дейін тағы 268-ін (2024 жылы - 230 инвестициялық жоба) іске қосу жоспарлануда.
Жалпы тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемі $10,1 млрд-ты құрады. Өңдеу өнеркәсібі, қаржы секторы, көлік, байланыс және энергетика салаларына қаражат белсенді тартылуда. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстары, сондай-ақ Астана қаласы ТШИ бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізуде көш бастаса, оның қатарында Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бар.
Премьер-министр НКИ тарту жөніндегі жылдық жоспар 52,7%-ға орындалғанын, ал ТШИ бойынша бұл жартысынан аз екенін атап өтті.
Олжас Бектенов қарқынның бәсеңдеуі көбінесе мемлекеттік органдар тарапынан жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін кешіктіру, басы артық бюрократиялық рәсімдер түріндегі кемшіліктермен байланысты екенін баса айтты.
Атырау облысында негізгі капиталға инвестициялар жөніндегі жоспардың орындалуы 42,8%-ды құрады. Ұлытау облысында ірі компанияларға тәуелділік сақталуда - НКИ бойынша 61,5%-ды құрап отыр. Онда орта кәсіпорындармен жұмысты күшейту тапсырылды. Абай облысында көрсеткіш НКИ бойынша 70,4% және ТШИ бойынша - 26,2%. Жабдықтарды жеткізіп берудегі кешіктірілуге байланысты мыс балқыту зауыты, күнбағыс майын тазарту цехы сияқты бірқатар өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда түйткілді мәселелер туындауда.
Әкімдер мен министрлер инвестиция тарту мәселелерімен күн сайын тікелей айналысуы тиіс. Бұл ең маңызды мәселе. Инвестиция болмаса, экономикада ешқандай даму болмайды. Артта қалған өңірлердің әкімдеріне инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін өз орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жиын барысында инвесторларды сүйемелдеу жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары да қаралды. Ірі инвестициялық жобаларды уақтылы іске қосу үшін инфрақұрылым салу мәселелеріне көңіл бөлінді.
Сондай-ақ инвесторлар құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Инвестициялық штаб пен ҚР Бас прокуратурасының бірлескен жұмысы аясында жергілікті жерлерде әкімшілік кедергілер жедел жойылуда.
Тізілімге енгізілген инвесторларға қатысты "прокурорлық сүзгіні" енгізу 380 заңсыз тексеру мен 450 әкімшілік өндірістің және екі 200-ге жуық шектеу шарасының жолын кесуге мүмкіндік берді. Ел экономикасына қосқан үлесі шамамен 19 трлн теңгені құрайтын 1800 инвесторға көмек көрсетілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдар басшылары мен әкімдерге инвестиция тарту, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ жобалардың жүзеге асырылуын қадағалауды күшейтуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.10.2025, 10:10 90176
Экономиканың 6,3%-ға өсуі: Президент тапсырмасы бойынша бизнесті қолдау және инвестиция тарту шаралары жүзеге асырылуда
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы тапсырмалары аясында тұрақты өсімді қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған экономиканы дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда.
2025 жылдың тоғыз айында ел экономикасының өсуі 6,3%-ды құрады. Бүгінде көлік, құрылыс, сауда және өнеркәсіп салалары экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр.
Макроэкономика және қаржылық тұрақтылық
Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсуі 6,3%-ға жетті, бұл жыл басындағы көрсеткіштен 2,3 пайыздық тармаққа жоғары. Өсу қарқыны қаңтардан қыркүйекке дейін жеделдеді: қаңтарда - 3,8%, қаңтар-ақпанда - 5,4%, қаңтар-наурызда - 5,6%, қаңтар-сәуірде - 6%, қаңтар-мамырда - 6%, қаңтар-маусымда - 6,3%, қаңтар-шілдеде - 6,3% және қаңтар-тамызда 6,5% болды.
Бұл өсу қарқыны экономиканы әртараптандыру және салаларды теңгерімді дамыту есебінен жүзеге асырылуда. Өсімнің негізгі драйверлері көлік және қоймалау қызметтері (+21,2%), құрылыс (+14,9%), сауда (+8,8%), тау-кен (+9,3%) және өңдеу өнеркәсібі (+6,2%) болды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің өсуі орта және ұзақмерзімді тұрақты даму үшін берік негіз қалыптастырып отыр.
Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында инвестициялар жылдық мәнде 13,5%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 30,7%-ға ұлғайды.
Инвестициялардың жандануы іскерлік белсенділіктің өсуімен, екінші деңгейлі банктердің бизнеске несие беру көлемінің ұлғаюымен, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды, сондай-ақ "Тарифті инвестицияға айырбастау" және "Келешек мектептері" бағдарламаларын жүзеге асырумен байланысты.
Кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар
Елімізде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны артып келеді. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 2 174 309 кәсіпорын тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (2 043 760) салыстырғанда 6,4%-ға артық.
ШОБ-тың экономикадағы үлесі 38,6%-ға дейін (+0,9 пайыздық тармақ) өсті, ал өнім шығару көлемі 11,4%-ға ұлғайып, 18,7 трлн теңгені құрады.
Бизнес ахуалды жақсарту
2024 жылғы қабылданған бизнес жүргізу мәселелері жөніндегі заңның арқасында бизнесті тексеру азайып келеді. Жаңа тәсіл бойынша қадағалау жүйесі тексеруден профилактикалық шараларға көшу тұрғысында қайта қаралды.
Бас прокуратураның деректеріне сәйкес, 2024 жылы 53 320 кәсіпкер тексерілген, бұл мораторийға дейінгі 2019 жылмен (126 561) салыстырғанда 42,1%-ға төмен.
Мұндай үрдіс 2025 жылы да жалғасуда. Осы жылғы 6 айда тексерулер саны 1,9%-ға азайып, 46 375-ті құрады, бұл 2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 73,8%-ға аз.
Сондай-ақ бизнеске қойылатын 10 мыңнан астам артық талаптың күші жойылды, ал "1 in 2 out" қағидаты (қолданыстағы екі реттеу тетігін алып тастап, жаңадан бір талап енгізу) реттеу жүктемесін арттырмауға мүмкіндік берді.
Жыл соңына дейін рұқсат алу үшін қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау жоспарланып отыр, сондай-ақ оларды алу мерзімдері оңтайландырылады.
Бизнес пен мемлекеттің өзара тиімді іс-қимыл жасауы үшін "Менің бизнесім" атты жеке кабинет функционалы бар "eGov Business" мобилді қосымшасы іске қосылды.Ол арқылы 30-дан астам мемлекеттік қызметке оңай қол жеткізуге болады, олар - кәсіпорынды тіркеу, салық күнтізбесі, сертификат алу және цифрлық құжаттарға қол қою және тағы басқалар.
Бизнесті мемлекеттік қолдау
2024 жылдың қорытындысы бойынша жеңілдікпен қаржыландыру шараларымен жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге жуық 26 мыңнан астам бизнес жоба қамтылды.
2025 жылы микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін субсидиялауды қарастыратын жеңілдікпен несие берудің жаңа тетігі бекітілді. Субсидияланатын кредит сомасы 200 млн теңгеден аспайды, сыйақы мөлшерлемесі - 12,3%, кредит беру мерзімі - 3 жылға дейін.
Жеңілдікпен кредит беретін жаңа "Өрлеу" бағдарламасы іске қосылды, оның аясында кәсіпкерлер 10 жылға дейінгі мерзімге 12,6% мөлшерлемесі бойынша 7 млрд теңгеге дейін кредит ала алады. Бүгінде 392 млрд теңгеге кәсіпкерлік субъектілерінің 1 095 жобасы қаржыландырылды.
Даму" қорының базасында екі кепілдік беру қоры құрылды.
- 1-ші кепілдік беру қоры шеңберінде құны 281 млрд теңге болатын 1 618 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде кепілдіктер сомасы 154,4 млрд теңгені құрады.
- 2-ші кепілдік беру қоры бойынша құны 7,1 млрд теңге болатын 1 жобаға қолдау көрсетілсе, оның ішінде кепілдіктер сомасы 2,8 млрд теңгені құрады.
100-ден астам қаржылық және қаржылық емес шараларды қамтитын Бірыңғай өзекті тізілім жасалды. Оның тиімділігіне мониторинг жасау үшін "Baqylauda" жүйесі енгізілді, ол ашықтық пен бағдарламаның орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекет үлесін төмендету және бәсекелестікті дамыту
Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 922,1 млрд теңге сомасындағы 396 мемлекеттік нысан бәсекелес ортаға берілді, 69 нысан қайта ұйымдастыруға немесе таратуға жіберілді.
Ірі мемлекеттік компаниялар IPO/SPO-ға шығарылды:
- "Қазмұнайгаз" АҚ - 153,9 млрд тенгеге,
- "KEGOC" АҚ - 22,6 млрд тенгеге,
- "Эйр Астана" АҚ - 10,6 млрд тенгеге.
Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия 3 трлн теңгеден астам баланстық құны бар 400-ден аса компанияны оңтайландыруды қолдады.
2026-2030 жылдары үш кезеңді оңтайландыру жоспарлануда:
- 1 кезең (2026) - 200-ге жуық нысан;
- 2 кезең (2027-2028) - 100-ден астам компания;
- 3-кезең (2029-2030) - 60-қа жуық компания, негізінен жылу және энергетика саласында.
Басты мақсат - мемлекеттік активтерді бәсекелес ортаға беру, экономиканың тиімділігін арттыру және жеке бизнесті дамыту үшін жағдай жасау. Сонымен қатар бәсекелес салалардағы мемлекеттік кәсіпорындар санының қайтадан өсуіне жол бермеу үшін нормативтік шарттар пысықталуда. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуына негіз болатын тұстар қысқартылуда.
Экономиканы демонополизациялау
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Нәтижесінде қысқа мерзім ішінде бұрын жеке құрылымдар бақылайтын активтер мен қаражат мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Атап айтқанда, республикалық және коммуналдық меншікке 17 АҚ мен ЖШС-нің акциялар пакеттері мен оларға қатысу үлестері, Шығыс Қазақстан облысындағы мүліктік кешен, 7 ғимарат, 162 теміржол мен құрылыс нысандары, 7 автомобиль және өзге де (2 мыңнан астам бірлік) мүліктер берілді.
Бұдан бөлек, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 1 млрд теңге аударылды. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына $100 млн және 1,49 млрд теңге берілді.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң қолданысқа енгізілді.
Ол сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға, рәсімдердің мерзімін қысқартуға және ашықтықты арттыруға бағытталған.Сатып алуды өткізу мерзімі үш есеге 30-дан 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Қоғамдық мониторинг жүргізіледі, жеткізушілердің жауапкершілігі күшейтілді.
Кілтімен тапсырғанға дейін" тетігі енгізілді, қосалқы мердігерге берілетін жұмыстар көлемі 30%-ға дейін қысқартылды.
Мөлшері аз сатып алуды жүзеге асыру мақсатында 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу құқығы енгізілді. Ауылдық әкімдіктер үшін бір көзден сатып алу шегі 3 мың АЕК-тен 4 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды. 2019 жылдан бері бір көзден мемлекеттік сатып алу көлемі 34%-дан 26%-ға дейін төмендеді.
Электрондық қаржы орталығы" АҚ-ның базасында қолданыстағы сатып алу алаңдарын (goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz, mitwork.kz) интеграциялау арқылы Бірыңғай сатып алу платформасы құрылды.
2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу көлемі 9,4 трлн теңгені, отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттар саны - 140 712 бірлікті, сомасы - 399,86 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (жалпы сомасы 202,5 млрд теңгеге 109 909 шарт) айтарлықтай жоғары.
Инвестициялық саясат
Қазақстан 2029 жылға қарай ЖІӨ деңгейін $450 млрд-қа дейін екі есе өсіруді және кемінде $150 млрд көлемінде инвестиция тартуды мақсат етіп отыр.
Осы мақсатта бизнестің біртұтас экожүйесін қалыптастыратын Инвестициялық саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы жаңартылды. Инвестициялық штаб құрылды, ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды.
Инвестицияға тапсырыс беру" қағидаты енгізілді, ол бәсекелестік артықшылықтарды ескере отырып, өңірлік және салалық ұсыныстарды жасақтайды.
Басым салалардағы құны $60 млн-нан асатын инвестициялық жобалар үшін қазақстандық заңнаманың 25 жыл бойы тұрақты болатынына кепілдік беретін инвестициялар туралы келісім жасасу қарастырылған. 2024 жылы осындай 6 келісім, 2025 жылы тағы 21 келісім жасалды.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға ерекше көңіл бөлінуде, содай-ақ ағылшын құқығы қағидаты бойынша қызмет ететін, "жасыл" және исламдық қаржы құралдарын қолдайтын "Астана" халықаралық қаржы орталығы да қарқынды дамуда.
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы
Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі жетекші инвестициялық бағыттардың бірі ретіндегі мәртебесін сақтап қала алды. ЮНКТАД деректеріне сәйкес, 2024 жылы теңізге шыға алмайтын елдерге арнап жарияланған 5 greenfield-жобаның төртеуі Қазақстанда жүзеге асты.
Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестиция көлемі $17,2 млрд-ты құрады, 45 жаңа жоба жүзеге асырылып, 6 200 жұмыс орны ашылды.
Инвестицияның негізгі бағыттары:
- тау-кен өндіру өнеркәсібі - $6,5 млрд,
- өңдеу өнеркәсібі - $2,8 млрд,
- сауда - $5,3 млрд,
- кәсіби және ғылыми қызмет - $0,9 млрд.
Аса ірі инвесторлар: Ресей ($4,1 млрд), Нидерланды ($3,8 млрд), Оңтүстік Корея ($1,2 млрд), Бельгия ($1,2 млрд) және Қытай ($1,2 млрд).
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны $10,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артық.
Үкімет инвестиция тарту, бизнесті дамыту және экономиканы демонополизация жасау жөніндегі бұл жұмыстарды жалғастыра беретін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.10.2025, 09:53 116801
"Бәйтерек" холдингі Қазақстанның экономикалық өсуінің проактивті саясатын іске асыру мақсатында инвестициялық холдингке айналады
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте "Бәйтерек" холдингі жаңа құрылымының жобасы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Трансформацияның негізгі мақсаты - холдингті инвестиция тартудың басты драйверіне және еліміздің ішкі жалпы өнімін 2029 жылға қарай екі есе арттыруға бағытталған проактивті экономикалық өсу саясатын іске асыратын негізгі құралға айналдыру.
Еліміздің жаңа экономикалық өсу саясаты инвестицияға бағытталған мақсатты көзқарасымен - мемлекеттің нақты қажеттіліктеріне негізделген "жобаға тапсырыс" қағидаты арқылы ерекшеленеді.
Бұл моделді жүзеге асыруда басты рөл "Бәйтерек" холдингіне жүктеледі. Алдағы төрт жылда мемлекет жыл сайын холдингтің капиталын 1 трлн теңгеге арттырып отырады, ал "Бәйтерек" жылына 8 трлн теңгеге дейін сыртқы қарыз қаражаттарын тартып, басым жобаларды қаржыландырады.
Қазіргі басқарушы холдинг ретіндегі құрылым жаңа инвестициялық миссияның ауқымы мен міндеттеріне сай жаңғыртылады.
Негізгі басымдық - инвестицияға шоғырлану, салалық мамандану мен нарықтық талдауды күшейту.
Соңғы 30 жылдағы экономиканың құрылымын талдау нәтижесі ең жоғары қосылған құн металлургия, машина жасау, химия, агроөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібінде қалыптасатынын көрсетті.
Бұл салалар стратегиялық бағыттар болып қала береді. Сонымен бірге, сауда, қаржы және құрылыс салалары да жаңа басымдықтар қатарына енгізіледі.
Осы салалар негізінде инвестициялық холдингтің құрамында жеті Investment Board (инвестициялық қызметтер) құрылады. Олар нақты сектордың өсу нүктелеріне айналып, жоғары қосылған құн қалыптастыратын жаңа жобаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысады. Сондай-ақ бизнес тарапынан түскен жобалық ұсыныстарды экономикалық өсім міндеттеріне сәйкестігі тұрғысынан сараптайды.
Бәйтеректің" инвестициялық холдинг ретіндегі дамуының негізгі бағыттары:
- Өңірлік кеңею - отандық өндірушілердің позициясын нығайту және өңіраралық сауданы дамыту;
- Шекара маңы кеңеюі - қазақстандық бизнеспен бірлесіп инвестициялық қызметті сыртқы нарықтарға шығару;
- Салалық даму - ұлттық экономиканың табыстылығын арттыру мақсатында холдингтің өкілеттігін кеңейту.
Инвестициялық жобалардың болашағы - экспортта. Біз ауыл шаруашылығын қолдаудың нақты нәтижесін көріп отырмыз: өнімділіктің артуы мен инвестициялар есебінен шетелдік компаниялар қазақстандық АӨК-тің әлеуетіне қызығушылық танытып, өз технологияларын енгізуде. "Бәйтерек" экспортқа бағытталған кәсіпорындар экожүйесін қалыптастырып, олардың өнім өткізу нарығын кеңейтуіне, қосылған құн тізбегін құруына және сыртқы нарықтарға шығуына ықпал етеді", - деді холдинг басқармасының төрағасы Рустам Қарағойшин.
Ішкі нарықты кең тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында, бүгінде көбісі импортқа тәуелді тауарлар бойынша, "Инвестицияға тапсырыс" бағдарламасы іске қосылады.
Бұл бағдарлама шеңберінде мемлекет өзі басым жобалар мен олардың орналасатын өңірлерін айқындап, бизнестен оларды жүзеге асыруды ұсынады.
Бағдарлама ауыл шаруашылығы саласында дайындалған, енді осындай тәсілдер тұрмыстық химия, азық-түлік және басқа да бағыттар үшін енгізілмек.
Сонымен қатар Директорлар кеңесінің құрамы кеңейтіліп, тәуелсіз мүшелер қатарына жетекші халықаралық салалар мен өңірлерден инвестициялық кеңесшілер тартылады. Бұл шешімдердің ашықтығын, тәуекелдерді кешенді бағалауды және жобалардың табысына әсер ететін барлық факторды ескеруді қамтамасыз етеді.
Холдингті трансформациялау жөніндегі рәсімдердің барлығы жыл соңына дейін аяқталып, келесі жылдың басында Қазақстанның проактивті экономикалық өсім бағдарламасын іске асыру жұмыстары басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.10.2025, 13:36 117396
Астана қаласында Қазақстан-Беларусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның XIX отырысы өтті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Беларусь Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Николай Снопковтың тең төрағалығымен Қазақстан-Беларусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның XIX отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, көлік, қаржы, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, құрылыс, мәдениет, туризм, білім беру және ғылым салаларындағы мәселелерді талқылады.
Өз сөзінде Роман Скляр қазіргі кезеңде екіжақты қарым-қатынас ынтымақтастықтың барлық салаларында сепінді дамумен ерекшеленетінін айтты. Сондай-ақ ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер, үкімет басшылары мен министрліктердің бір-біріне сапарлармен баруы өзара түсіністікті нығайтуға және конструктивті серіктестікті қалыптастыруға үлкен септігін тигізуде екенін ерекше атап өтті.
Роман Скляр іс жүзіндегі әріптестік мәселелеріне баса назар аудартып, оның одан әрі тереңдеуіне Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Премьер-министрлері мақұлдаған 2025-2029 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасына (Жол картасына) 2024 жылдың қараша айында қол қойылуы маңызды серпін болғанын жеткізді.
Өз кезегінде Николай Снопков Қазақстан мен Беларусь арасында жоғары деңгейде өзара түсіністік орныққанын атап өтіп, осы кездесудің қорытындылары стратегиялық серіктестікті дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Үкіметаралық комиссияның XIX отырысының Хаттамасына қол қойылды. Тараптар Қазақстан-Беларусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның келесі ХХ отырысын 2026 жылы Минск қаласында өткізетін болып келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
07.11.2025, 11:04Мемлекет басшысы "Орталық Азия - АҚШ" саммитіне қатысты 07.11.2025, 10:07 156Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
03.11.2025, 13:05 128816Қызылорда облысына су жеткізуді жақсарту мақсатында Көксарай су реттегішінен 60 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды03.11.2025, 12:09 128371Қазақстанда жыл басынан бері 26 мыңнан астам веб-сайт бұғатталды03.11.2025, 17:16 127936Жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі03.11.2025, 11:38 127681Еліміз бойынша 232 жаңа мектеп салынуда03.11.2025, 18:55 122876Алматы қаласында 4,3 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген
09.10.2025, 19:39 226786"7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында баспана сатып алуға арналған лимиттер ұлғайтылды15.10.2025, 11:15 194301Ақмола облысынан табылған мамонт сүйегі Ұлттық музейге жеткізілді15.10.2025, 14:08 193851Алматыда Nomad Bazaar-дың ашылуы: "Бір ауыл - бір өнім " жобасының өңірді дамыту жолындағы жаңа қадамы15.10.2025, 15:11 193641Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға ұша бастайды16.10.2025, 19:06 187636Бензин мен тариф бағасына мораторий енгізіліп, ипотека көлемі ұлғаяды

