10.11.2022, 14:10 18216

Кувейттен Түркістанға жаңа рейс іске қосылады

Кувейт астанасы мен түркі әлемінің рухани орталығы арасындағы рейстер сейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.
Түркістан. 10 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы мен Кувейт мемлекетінің авиациялық билігі арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде "Jazeera Airways" Кувейт лоукостері ағымдағы жылдың 3 желтоқсанынан бастап Кувейт – Түркістан бағыты бойынша ұшуларды орындауды бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Ведомствоның мәліметі бойынша, Кувейт астанасы мен түркі әлемінің рухани орталығы арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері сейсенбі және жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.
 

Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін болады", - деді баспасөз қызметінде.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны