24.01.2019, 18:30 7254

А.И.Бараев атындағы астықшаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында 17 дақыл бойынша селекциялық жұмыс жүріп жатыр

Кенже Абдуллаевтыӊ айтуынша, А.И.Бараев атындағы астықшаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Қатты бидай зертханасыныӊ қызметкерлері 2018 жылы "Дамсинская 2017" сортынан 46,5 центнер өнім алды.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - 22 қаӊтарда Орталық коммуникациялар қызметінде А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығыныӊ (АШҒӨО) 2018 жылғы қызметініӊ қорытындысына арналған баспасөз-мәслихаты өтті. Іс-шараға орталықтыӊ бас директоры Кенже Абдуллаев қатысты. Журналистермен кездесу барысында мекеме басшысы нақты егіншілік бойынша алғашқы жобаны іске асыру бойынша жұмыстар туралы айтып, мемлекет басшысыныӊ бастамасымен қолға алынған ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселесін сөз етіп, БАҚ өкілдерініӊ сұрақтарына жауап берді. 2018 жылы А.И. Бараев атындағы АШҒӨО базасында "нақты егіншілік" бойынша қанатқақты жоба басталған еді. Жоба аясында жаздық бидай негізінде нақты егіншіліктіӊ ресурс үнемдеу технологиялары мен дәстүрлі егіншілік салыстырмалы түрде қарастырылды. Нәтижесінде, нақты егіншілік полигондарындағы өнімділік гектарынан 25,4 центнер болып, ресурстар орташа есеппен 5-15 пайызға үнемделді.

А.И. Бараев атындағы АШҒӨО Ақмола облысыныӊ 3000 га жер учаскесін таӊдап, тәжірибелік полигондар ұйымдастырды. Орталықта жұмыс істейтін қызметкерлер мен ғылыми кадрлардыӊ бірлескен күші арқасында 2018 жылы жаздық бидайдыӊ өнімділігі - 22,5 ц/га болды. Нақты егіншілік полигондары бойынша орташа өнімділік - 25,4 ц/га, ал дәстүрлі егіншілік технологиясы бойынша егілген егінніӊ өнімділігі 18,7 ц/га болды. Айта кетейік, аудан мен облыс бойынша орташа өнімділік, сәйкесінше, 12,2 және 12,7ц/га.

2018 жылы "А.И.Бараев атындағы АШҒӨО базасы аясында нақты егіншіліктіӊ тәжірибелік-технологиялық платформасын құру" мақсатында "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ және "А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС жарғылық кампиталын ұлғайту бойынша қаржылық-экономикалық негіздеме жасалды. Мемлекет қолдауы арқасында Бараев орталығыныӊ трактор және комбайн паркі жаӊа ауыл шаруашылығы техникасымен толықты.

Бараев ғылыми орталығында селекция бойынша зерттеу жұмыстары қарқынды іске асып жатыр. Басты бағыт - дәнді, бұршақты, жарма дақылдарыныӊ жаӊа сорттарындағы экологиялық тұрақтылықты арттыру. Қазіргі кезде орталықта 17 дақыл бойынша селекциялық жұмыс жүріп жатыр. Ал тары, қарақұмық, сұлы, асбұршақ, ноқат, жасымық, бидайық сияқты дақылдардыӊ селекциясы бойынша Бараев орталығы Қазақстандағы жалғыз ғылыми мекеме.

Жыл сайын ауыл шаруашылығыныӊ 90 мыӊ үлгісі зерттеліп, 2 мыӊға жуық будандастыру комбинациялары іске асады.

Кенже Абдуллаевтыӊ айтуынша, А.И.Бараев атындағы астықшаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Қатты бидай зертханасыныӊ қызметкерлері 2018 жылы "Дамсинская 2017" сортынан 46,5 центнер өнім алды. Зерттеу жұмыстары 2015 жылы басталған болатын. Бір айта кетерлігі, жаӊа сорттыӊ ерекшелігі - төзімділігі жоғары. Еліміздіӊ солтүстік өӊірлерінде өсіруге арналған бұл сорт ауа және топырақ құрғақшылығына төзімді. Экологиялық сорт сынақ Солтүстік Қазақстан облысында да жүргізіліп, аталған сорт 46,3 центнер өнім берді. Еске сала кетейік, Ақмола облысыныӊ Шортанды ауданында орналасқан А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында былтыр жаздық бидайдыӊ өнімділігі 2,5 есе артып 25,5 центнерге жетті.

Айта кетейік, А.И. Бараев атындағы АШҒӨО Мемлекет басшысыныӊ бастамасын қолдап, қызметкерлердіӊ айлығын 10 пайызға өсірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны