28.04.2014, 20:31 25357

И.Исекешев: "Ибу-Даби Плаза" - елорданың ЭКСПО қарсаңындағы басты инновациялық жобаларының бірі

"Алайда осы деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін халықаралық сертификаттар барлық компанияларда болмай шықты. Олар осыған жетуге ұмтылуы тиіс. Мемлекет басшысы ЭКСПО 2017 жобасындағы қазақстандық қамту үлесін арттыруды тапсырды",- деп ол атап өтті.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan today. "Ибу-Даби Плаза" жобасы елорданың ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңындағы басты инновациялық жобаларының бірі, деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев жобадағы қазақстандық үлесті арттыруға арналған жиында.

"Ибу-Даби Плаза" жобасы ТМД мен Шығыс Еуропадағы жоғары технологиялық жобалардың ішіндегі үздіктерінің бірі. Көпфункциялы аталмыш кешеннің жалпы ауданы 500 мың шаршы метрге жетсе, биіктігі 300 метрден асады. Ғимарат энергетикалық тиімділіктің заманауи станарттарымен салынып, технологияның соңғы жетістіктері кеңінен қолданылады. Жоба ЭСКПО-2017 қарсаңындағы басты инновациялық жобаларының бірі болмақ", - дейді министр.

Оның айтуынша, жобаны толықтай салу үшін пайдаланылатын құрылыс материалдарының 70%-ы өзіміздің өнім болса, 30%-ы импортталмақ.

"Алайда осы деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін халықаралық сертификаттар барлық компанияларда болмай шықты. Олар осыған жетуге ұмтылуы тиіс. Мемлекет басшысы ЭКСПО 2017 жобасындағы қазақстандық қамту үлесін арттыруды тапсырды",- деп ол атап өтті.

Кездесуге құрылыс үшін қажетті материалдарды өндіретін отандық 70-тен астам компания қатысты.

"Ибу-Даби Плаза" кешенінің құрылысына отандық тауарөндірушілерді тарту бойынша таныстырылымды Тапсырыс берушінің өкілдері және кешеннің Бас мердігері, "Алдар" директорлар кеңесінің төрағасы Абубакер Сэддик Эль Хури, "Алдар Евроазия" ЖШС бас директоры Элияс Дибб ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны