18.06.2014, 21:10 3560

И. Исекешев Энергия үнемдеу бағдарламасының 9 негізгі бағытын атап өтті

Бүгін ҚР Үкіметі мен Дүнижүзілік банкі арасында гранттық келісімге қол қою барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев "Энергияны үнемдеу-2020" бағдарламасының негізгі 9 бағытын атап өтті.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Үкіметі мен Дүнижүзілік банкі арасында гранттық келісімге қол қою барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев "Энергияны үнемдеу-2020" бағдарламасының негізгі 9 бағытын атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қазақстанда энергия тиімділігін арттыруға бағытталған "Энергияны үнемдеу-2020" бағдарламасын жүзеге асыруға тапсырған болатын. Аталмыш бағдарлама бойынша 9 бағыт айқындалған. Алдыңғы кезекте өндіріс, энергетика, ТКШ құрылысы, көлік, жарықтандыру, бюджет секторы мен энергия үнемдеуді насихаттау", - деді министр.

Оның айтуынша, әр бағыт бойынша нақты міндеттер мен жауапты мекемелер белгіленген.

"Басты механизмдердің бірі - мемлекеттік энергетикалық тіркеу (МЭТ). Бұл тіркеуге 1,5 мың тоннадан астам шартты отынды пайдаланатын кәсіпорындар енгізілген. Осыдан кейін өндіріс ошағында энергияны үнемдеуді арттыру және жаңғырту жоспарлары жасақталып, жүзеге асырылады", - деп ол түсіндірді.

Айта кетерлік жайт, МЭТ-тің 50 ірі кәсіпорындарының энергия тұтынуы республиканың энергия тұтыну көлемінің 40% құрады.

"Аталған 50 кәсіпорынның энергия сыйымдылығын 25%-ға төмендетуді қамтамасыз ету, ҚР ЖІӨ энергия сыйымдылығының 10%-ға төмендеуіне әсер етеді. Сонымен қатар, 4 мың заңды тұлға энергоаудиттен өтуі керек", - деп А. Исекешев түйіндеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны