10.02.2017, 20:54 6290

А. Мамин "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеӊесініӊ отырысын өткізді

2016 жылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ныӊ таза табысы 28 млрд. теӊгені құрады. Компанияныӊ тасымалдау басқа да түрлі қызмет көрсету кірісі 2016 жылы 90 млрд. теӊге болды.

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ -да ҚР Премьер министрініӊ Бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ төрағалығымен Директорлар кеӊесініӊ отырысы өткізілді,- деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Отырыста "ҚТЖ" ҰК" АҚ 2017-2021 жылдары даму Жоспары бекітілді.

2016 жылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ныӊ таза табысы 28 млрд. теӊгені құрады. Компанияныӊ тасымалдау басқа да түрлі қызмет көрсету кірісі 2016 жылы 90 млрд. теӊге болды.

Компанияныӊ 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарында биылғы, 2017 жылы таза табысты 29 млрд. теӊгеге жеткізу көзделді. Компанияныӊ тасымалдау басқа да түрлі қызмет көрсету кірісін 2017 жылы 127 млрд. теӊгеге жеткізу жоспарланды.

2017 жылы компанияныӊ жалпы жүк айналымын 188,7 млрд. тонна-шақырымға жеткізу жоспарланып отыр.

2016 жылы жолаушылар айналымы 18057 млн. жолаушы-км құрады. 2017 жылы жаӊа бағдарлардыӊ іске қосылуына орай, оныӊ ішінде ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаӊында жолаушылар айналымы бұрынғыдан арта түседі деп күтілуде.

2017 жылы ҚХР-ЕО елдеріне транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемі 230 мыӊ ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) құрап, 2016 жылғы көрсеткіштен 2,2 есеге артатын болады.

Сондай-ақ, Директорлар кеӊесініӊ отырысында:

И Бизнесті трансформациялау бағдарламасыныӊ ағымдағы жайы қаралып, компанияныӊ 2017 жылғы Жол картасы бекітілді.

И "ҚТЖ" ҰК" АҚ Дара акционерініӊ 2017-2021 жылдары күтетін шараларын жүзеге асыру жоспары құжаттарын бекітті.

Сонымен қатар, Директорлары кеӊесі комитетініӊ, Ішкі аудиторлық қызметініӊ және компанияныӊ құрылымдық бөлімшелерініӊ 2016 жылғы атқарған жұмыс қорытындылары тыӊдалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны