22.04.2014, 20:39 5863

А. Мамытбеков 2014 жылға арналған Үкімет Жол картасының бағдарламасын іске асырудың 3 бөлімін атап өтті

"Бірінші бөлім қаржылай сауықтыруға қатысты, екіншісі инвестициялық субсидиялау болса, үшіншісі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру", - деді министр.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Ауыл шарушылығы министрі Асылжан Мамытбеков 2014 жылға арналған Жол картасы бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы бойынша бірінші кезектегі шаралардың жүзеге асыру барысын әңгімеледі.

"Өздеріңізге белгілі болғандай, Үкіметтің жаңа құрамы 2014 жылға арналған үкіметтің Жол картасы бойынша бірінші кезектегі шаралар жоспарын қабылдады. Аталмыш жоспарда ауыл шаруашылығы бойынша бірқатар мәселелер бар. Дәл осы сала бойынша шаралар жоспарын 3 бөлімге бөліп қарастыруға болады", - деп А. Мамытбеков ағынан жарылды.

Сонымен, ол үкіметтің Жол картасы шеңберіндегі ауыл шаруашылығына қатысты 3 бөлімнің жүзеге асырылу барысын тілге тиек етті.

"Бірінші бөлім қаржылай сауықтыруға қатысты, екіншісі инвестициялық субсидиялау болса, үшіншісі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 14 сәуірде ҚР Үкіметінің отырысында АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру туралы шешім қабалданған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны