22.04.2014, 20:43 3674

А. Мамытбеков: Үкімет 2014 жылдың 1 мамырына дейін шығындарды субсидиялау ережелерiн қабылдайды

2014 жылдың 1 мамырына дейін Үкімет АӨК саласында шығындарды субсидиялау ережелерін қабылдайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың 1 мамырына дейін Үкімет АӨК саласында шығындарды субсидиялау ережелерін қабылдайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

"1 мамырға дейiн үкiмет шығындарды субсидиялау ережелерiн қабылдауы тиiс. Бұл бұған дейiн қолданылмаған жаңа механизм, әрi оның нарықтағы қажеттiлiгi жоғары. Ол инвестициялық жобаны iске асыру барысында кәсiпкердiң шығыны өтеуді көздейді", - деді А. Мамытбеков.

Оның айтуынша, инвестжобалардың жүзеге асу барысында кеткен кәсіпкерлердің жарты шығынының орнын толтыру механизмі жүзеге асады.

"Өз ресурстары есебiнен iске асырылған инвестициялардың бiр бөлiгi кәсiпкерлерге мемлекет бюджетінен қайтарылады. Бұл тауардың өзiндiк құнын төмендетiп, бәсекелестiктi арттыруға және қайтарым мерзiмiн арттыруға, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi", - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, " бұл механизмдер ауыл шаруашылығы өнімін жөндеу саласында өте қажетті".

Айта кетейік, 2014 жылы "ҚазАгро" АҚ бағытында қолданысқа 66 жобаны енгізу жоспарлануда. Олардың ішінде бірінші жарты жылдықта 11 инвестжоба қолданысқа беріледі. Оған 12,5 млрд теңге қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны