08.09.2016, 13:59 3781

А.Мырзахметов Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы мәселесіне байланысты отырыс өткізді

ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы мәселелеріне орай бейнеконференция режимінде кеӊес өткізді, деп хабарлады министрлік.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы мәселелеріне орай бейнеконференция режимінде кеӊес өткізді, деп хабарлады министрлік.

Біріншісі, Каспий теӊізінде браконьерліктіӊ кеӊінен таралуы және осы маӊдағы мемлекеттер арасындағы бақылаусыз балық аулау деректері. Яғни, бұл бекіре тұқымдас балық түрлерін азайтып, өӊірде жұмыс істеп тұрған екі балық зауытыныӊ жұмысына кері әсер ете бастаған. Сондықтан да, олардыӊ өндірістік қуатын 7-ден 12 миллион шабаққа дейін арттыру және құралдық кешеніне жаӊғырту жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу сұралды.

Екіншісі, балық түрлерін қорғау шараларыныӊ тиімділігін арттыру мақсатында Атырау облысыныӊ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясыныӊ материалдық-техникалық базасын заманауи арнайы құрылғылармен және теӊіз су көліктерімен жабдықтауға қаражат қажеттілігі мәселесі.

Бұл орайда А. Мырзахметов тарапынан республикалық бюджеттен ағымдағы экономикалық ахуалға байланысты бұл мәселелерге арнайылап қаржы көзделмегені атап өтіліп, алайда, текке қарап отырмай, түйткілді облыстыӊ әкімдігі деӊгейінде шешу жолдарын қарастыру қажеттілігі баса айтылды. Атап айтқанда, ол үшін Атыраудыӊ бюджеттік әлеуеті жеткілікті және сырттан қолдау іздемей-ақ жағдайды бақылауға алуға толықтай мүмкіндігі бар.

Өз кезегінде, Министрлік аталған тұрғыларды жергілікті бюджетке енгізу тетіктеріне қатысты нормативтік актілерді даярлап бермек. Оған қоса, қазіргі таӊда бекіре балық өсіру зауыттарын реконструкциялау туралы бастаманы Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі қарауда. Бұл да болса, түйінніӊ қысқа мерзімде тарқатылатынын айғақтап тұр.

Осы бекіре балығына байланысты тағы бір түйінді мәселені айта кеткен жөн. Бұған дейін ғылыми зерттеу жұмыстары үшін бекіре балығын аулауға арнайы квоталар бөлінетін. Енді министрдіӊ тапсырмасымен квота бөлу тоқтатылып, жалпы Қазақстан бойынша бекіре аулауға тиым салынды. Мұндай шешім сирек кездесетін балық санын көбейтуге сеп болмақшы.

Бұдан кейін көтерілген төрт мәселе де Министрлік тарапынан дереу шешімін тапты.

Айталық, Атыраудағы құс фабрикаларына берілетін инвестициялық субсидиялардыӊ ережесіне өзгеріс енгізу мәселесі. Яғни, өндірісті субсидиялау кезінде бастапқы қуатты 5 мыӊ тонна емес, оныӊ жартысына жуық өлшеммен алудыӊ ұзақ мерзімді мүдде талаптарына жауап беретіні сөз болды.

"Аталған мәселе ведомствалық жұмыс тобыныӊ аясында зерттеліп, зерделенген. Инвестициялық-субсидиялау бағдарламасы аясында өндірістік қуаты жоғары бройлерлік құс фабрикаларыныӊ құрылысына мемлекеттік қолдау қарастырылған. Осы уақытқа дейін талап әлгіндей 5 мыӊдық шекте болып келген болса, ендігіде, құс еті өндірісін дамыту үшін 2 мыӊ тоннаға дейін түсіргелі отырмыз", - деді министр.

Өткір тұрған осыған ұқсас тағы бір мәселе - ірі қара малды бордақылау орындарын құру және кеӊейтуге қатысты ережеге байланысты. Онда мал басыныӊ 3 мыӊнан жоғары болу керектігі атап көрсетілген. Өз кезегінде бұл норма көптеген орта шаруашылықтардыӊ дамуына кедергі келтіріп отырған фактордыӊ бірі. Себебі, көпшіліктіӊ осы межеге шамасы жете бермейді, асса 500 мал басы деп көрсетілгені құба-құп.

Сала басшысы мұныӊ да Министрлік жанындағы жұмыс тобымен қаралып жатқанын және жақын аралықта шаруаларға қолайлы шешімніӊ шығатынын жеткізді. Оныӊ айтуынша, арнайы топ мемлекеттік қолдаудыӊ тиімділігін анықтау мақсатында субсидиялау жүйесін жіті қарауда. Алдағы уақытта ондағы олқылықтардыӊ барлығы дерлік жойылады.

Дегенмен, осы қатарда үшінші және төртінші мәселе ретінде аналық бас ешкі мен бөдене шаруашылығын несиелендіру мәселелері де қозғалды.

Бұған қатысты А. Мырзахметовтыӊ жауабы қысқа болды. Бұл тек Атырау өӊіріне ғана тән мәселе емес. Осыған қатысты барлық аймақтардыӊ сұраныстары қабылданып біткесін, сараланып, салмақтала келе, келер жылдан бастап ешкі және бөдене шаруашылықтары тиісті қолдау таппақ.

Мұндай жағымды жаӊалықтарды естіп, әрі күрделі мәселелері бірден қисынын тапқан атыраулық ауыл шаруашылығы мамандары дәл осындай жаӊа форматтағы отырыстардыӊ ауқымды саланыӊ ілгерілеуіне себеп болатынын атап өтісті.

Селектор соӊында, А.Мырзахметов осында айтылған ұсынымдардыӊ тағы бір талқыға түсетінін атап өтті және де жекелеген деректерден бөлек, жүйелік сипаттағы мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны