11.11.2016, 18:09 4507

А. Мырзахметов: Бағдарлама мақсаты -елімізді сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету

Айта кетейік, бұл бағдарлама 9 қыркүйектегі кеӊейтілген Үкімет отырысында Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша жасалып, бүгінгі таӊда бағдарлама тұжырымдамасын талқылау жұмыстары жүргізілуде.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Асқар Мырзахметов еліміздіӊ Батыс өӊірінде АӨК-ті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасыныӊ тұжырымдамасын түсіндіру барысында бағдарламаныӊ негізгі мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Изірленіп жатқан Мемлекеттік бағдарламаныӊ негізгі міндеттері: мал шаруашылығыныӊ тиімділігін 58%-ға және өсімдік шаруашылығыныӊ тиімділігін 40%-ға арттыру, тауарлы өндіріске 670 мыӊ ұсақ өндірушіні тарту және өнімдерді өткізу мен өӊдеудіӊ пәрменді жүйесін құру үшін ауқымды ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, АШТӨ-ні барынша қамти отырып, мемлекеттік қолдаудыӊ тиімділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты іске асыру және органикалық өнімніӊ қазақстандық брендін жылжыту, 600 мыӊ га астам суармалы жерді айналымға тарту, АӨК-ні мемлекеттік реттеуді жетілдіру болады.

Айта кетейік, бұл бағдарлама 9 қыркүйектегі кеӊейтілген Үкімет отырысында Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша жасалып, бүгінгі таӊда бағдарлама тұжырымдамасын талқылау жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны