05.09.2016, 11:14 2087

А.Мырзахметов Қарағанды облысыныӊ ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелері бойынша кеӊес өткізді

Ауыл шаруашылығы саласыныӊ ағымдағы жай-күйі мен проблемалық мәселелеріне арналған отырыстар тізбегі алдағы уақытта барлық өӊірлерді қамтиды.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтыӊ төрағалығымен өӊірлердіӊ ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерін талқылауға арналған селекторлық режимдегі отырыс кезегі Қарағанды облысына келіп жетті, деп хабарлады АШМ.

Жаӊа форматтағы бұл үрдіс Жамбыл облысыныӊ мәселелерін талқылаудан басталған болатын. Яғни, еліміздіӊ барлық өӊірлерінен агроөнеркәсіптік кешенніӊ көкейкесті проблемалық мәселелері жинақталып, олардыӊ негізінде арнайы кесте түзілді. Қазіргі таӊда сол реттілікке сәйкес бейнеконференциялық байланыс арқылы мүдделі тараптардыӊ қатысуымен әр аймақтыӊ агросаладағы түйткілдері жеке дара қаралуда.

Бұған дейін атап өтілгендей, бұл шаралардыӊ басты мақсаты - мәселелерді көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдау және Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аймақтық атқарушы органдар арасында тиімді қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Қарағанды облысы бойынша өткізілген бас қосуда осы міндеттердіӊ аясында аймақтыӊ күн тәртібіндегі өӊірлерді мамандандыру схемасыныӊ қолданыстан алынуы, өтінімдерді аудандарға тапсыру, қой мен ешкі етіне сұраныстыӊ аздығы мен оны өткізудіӊ қиындығы, кепілдік және ауыл шаруашылық кооперативтерін дамыту мәселелері талқыға түсті.

Қарағандылықтардыӊ хабарлауынша, "Ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оӊтайлы пайдалану бойынша өӊірлерді мамандандырудыӊ ұсынылатын схемасы" қолданыстан алынуы керек. Бұл схема ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердіӊ нарық сұранысына қажетті дақылдар өндіруіне мүмкіндік бермейді және де 2014 жылдан бері қолданыстағы қағидаға енгізілген өзгерістер ұсақ және орта шаруашылықтарға қолайсыз.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерініӊ өтінімді аудандардыӊ ауыл шаруашылығы бөлімдеріне тапсыруын міндеттеу бойынша қағидаға өзгеріс енгізген жөн.

Бұл орайда, ҚР АШМ өкілдері мамандандыру схемасына қосымша өлшемдер бойынша нақты ақпараттардыӊ қажеттілігін атай отырып, аталмыш мәселені бірлесіп талқылауды ұйымдастыруға дайын екендіктерін жеткізді. Ал, шешімді шығару үшін өтінімдерді аудандық ауыл шаруашылық бөлімдерінде қабылдау мәселесі қағидалар редакциясында ескерілетін болды.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы саласыныӊ ағымдағы жай-күйі мен проблемалық мәселелеріне арналған отырыстар тізбегі алдағы уақытта барлық өӊірлерді қамтиды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны