11.11.2016, 12:34 4203

А. Мырзахметов: Мемлекеттік бағдарлама ауылдыӊ әрбір тұрғынына қолжетімді болмақ

Қазіргі таӊда мал шаруашылығын субсидиялаудыӊ 33 бағыты бар, осы бағыттарға 2015 жылы 69 млрд. теӊге бөлінді. Ал, жаӊа бағдарлама аясында субсидияныӊ 6 түрі бойынша 34,5 млрд. теӊге қарастырылған

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - А.Мырзахметов Ақтөбе облысындағы АӨК-ті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасыныӊ тұжырымдамасын түсіндіру барысында субсидиялаудыӊ тиімділігін арттыру шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

А. Мырзахметов субсидиялау жүйесіне бірқатар түзетулер енгізу жоспарланғанын айта кетті.

"Қазіргі таӊда мал шаруашылығын субсидиялаудыӊ 33 бағыты бар, осы бағыттарға 2015 жылы 69 млрд. теӊге бөлінді. Ал, жаӊа бағдарлама аясында субсидияныӊ 6 түрі бойынша 34,5 млрд. теӊге қарастырылған.

Сүт, сиыр еті, қой еті өнімдерін өндіруге берілетін субсидияны ірі шаруашылықтар ғана (жалпы өнімніӊ 60%), алып отыр, мысалы, сиыр еті бойынша 19 бордақылау алаӊы ғана (3000 мал орнынан бастап) субсидия алған, мұндай жағдай сүт өнімдеріне берілген субсидияда да кездеседі", - деп атап өтті ол.

"Көрсетілген бағыттар бойынша қойылатын талаптар төмендетілді, (сиыр еті бойынша 400-ден 100 мал орнына дейін) және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне субсидия бөлу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Жаӊа бағдарлама бойынша субсидия алатындар саны 2,5 есеге көбейеді",- деді Вице-Премьер.

Асыл тұқымды төл басыныӊ жеткілікті болуына байланысты, шет елден келген асыл тұқымды ірі-қараға субсидия бөлінбейді. Олар өнімдерді субсидиялауға беріледі.

"Нәтиже бермейтін мал басына берілетін субсидиялау тоқтатылып, орнына ауыл шаруашылығы кооперативтерініӊ құрама азығына субсидия беріледі,- деп айта кетті Вице-Премьер - Ауыл шаруашылығы басшысы.

Еске сала кетейік, А. Мырзахметов АӨК-ті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасын түсіндіруде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны