14.02.2020, 20:10 7388

"Ақмола - адалдық алаңы" жобасы аясында ашық бюджеттердің интерактивті картасының тұсаукесері өткізілді

"Ақмола - адалдық алаңы" жобасы аясында "Antikor ortaly?y" сервистік ғимаратының алаңында ашық бюджеттердің интерактивті картасының тұсаукесерін өткізді

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті "Ақмола - адалдық алаңы" жобасы аясында "Antikor ortaly?y" сервистік ғимаратының алаңында ашық бюджеттердің интерактивті картасының тұсаукесерін өткізді.

Департаменттің аға офицері Медет Тұрубаев қатысушыларға осы жобаның мақсаттары мен мүмкіндіктері туралы айтып берді. Сөз сөйлеушінің айтуынша, бюджет транспаренттілігінің және елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ерекше тәжірибесі ретіндегі интерактивті карта мемлекеттік мекемелердің бөлінетін бюджет қаражатын бақылау арқылы қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартуға мүмкіндік береді.

"Картаның көмегімен облыстың әрбір тұрғыны аймақтың мектептерінің, балабақшаларының, ауруханаларының, емханаларының, жолдарының бірыңғай платформадағы бюджеттік ақшалары қалай, не үшін және қандай мөлшерде жұмсалатынын, сондай-ақ оның дамуына әсер ететінін көре алады. Көрсетілген процестерді publicbudget.kz сайтында тәулігіне 24 сағат бақылауға, сонымен қатар, тиісті фото және бейнематериалдарды қоса бере отырып, уәкілетті органға хабарлауға болады", - деп атап өтті Медет Тұрубаев.

Сондай-ақ, спикер бүгінгі күні картаға азаматтардың өтініштері келіп түсуде, олар бойынша облыстың мемлекеттік мекемелері тиісті түсініктемелер береді.

Айта кету керек, интерактивті карта - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Парламентаризмді дамыту қорымен бірлесіп іске асырған жоба.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны