17.10.2019, 16:31 8293

Ақмола облысында 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды

Өңір басшысы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне жылдың қорытындысы бойынша бюджеттік қаржының толық игерілуін қамтамасыз етуді және есеп айрысу тәртібі бұзылуына жол бермеуді тапсырды.

Көкшетау. 17 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысында әкімдіктің отырысында 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды.

Бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің отырысында облыстың 2019 жылдың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің орындалу қорытындылары, су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысы талқыланды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев есепті кезеңде экономиканың барлық салалары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілгенін баяндады.Нақты көлем индексі кен өндіру өнеркәсібінде, тамақ өнімдерін, резеңке мен пластмасса бұйымдарын өндіруде, машина жасау саласында артты. Ауыл шаруашылығында жиынтық өнім көлемі 348 млрд теңге шамасында құрады. Инвестициялар өсімі 9% қамтамасыз етіліп 235,8 млрд теңге құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 18%-ға артты.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев салалық басқармаларға, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне инвестициялар тарту, ауыл халқының сапалы ауыз суға қол жеткізуін арттыру, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қолдаумен толық қамту, меморандумдарда қарастырылған негізгі индикаторларды орындау бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Бюджеттің орындалу қорытындысы туралы қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндады. Бюджет көлемі 199,6 млрд теңге құрады, оның жоспарланған шығыс бөлігі 99,3% орындалды.

Өңір басшысы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне жылдың қорытындысы бойынша бюджеттік қаржының толық игерілуін қамтамасыз етуді және есеп айрысу тәртібі бұзылуына жол бермеуді тапсырды.

Үшінші мәселе бойынша баяндама жасаған төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советовсу басу қаупі бар елді мекендерді инженерлік қорғау жөніндегі іс-шаралармен облыстың 14 ауданы қамтылғанын хабарлады. Ермек Маржықпаев табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне 2017-2020 жылдарға арналған жол картасында қарастырылған су басу қаупінің алдын алу мен жою жөніндегі кешенді шаралар қолдануылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны