04.11.2019, 13:29 1850

Ақмола облысында егiн орағының қорытындысы мен облыстың экологиялық ахуалы қарастырылды

4,3 млн гектар алқаптан жалпы 5,1 млн. тонна көлемiнде астық жиналды, орташа өнiмдiлiгi - 11,7 ц/га. Түскен астықтың жартысынан көбi 3-сыныпқа сәйкес. Жаңа егiн орағының астығын қабылдау мен сақтау бойынша проблемалар жоқ.

Көкшетау. 4 қараша. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткiзiлген аппараттық кеңесте егiн орағының қорытындысы мен облыстың экологиялық ахуалы қарастырылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Димаш Таласбаевтың ақпараты бойынша, биылғы егiн өсiру маусымы диқандар үшiн оңай болған жоқ. Облыста ауыл шаруашылығының барлық дақылдарының түрлерi бойынша жақсы өнiм жиналды.

4,3 млн гектар алқаптан жалпы 5,1 млн. тонна көлемiнде астық жиналды, орташа өнiмдiлiгi - 11,7 ц/га. Түскен астықтың жартысынан көбi 3-сыныпқа сәйкес. Жаңа егiн орағының астығын қабылдау мен сақтау бойынша проблемалар жоқ.

Майлы дақылдар 218 мың гектар алқаптан немесе 85,2% жиналды. Жалпы жиыны 156,7 мың тонна құрады, орташа өнiмдiлiгi - 7,2 ц/га.

17,4 және 3,8 мың гектар алқаптан тиiсiнше 278 және 57 мың тоннадан астам картоп пен көкөнiс жиналды.

Талқылаудың қорытындысы бойынша өңiр басшысы Ермек Маржықпаев аудандар мен қалалардың әкiмдерiне ауыл шаруашылығы басқармасымен бiрлесiп 2019 жылғы егiн орағы астығының сақталуын қамтамасыз етудi және нанның бағасын тұрақтандыру үшiн "Азық-түлiк корпорациясы" ҰК" АҚ резервiне астық өткiзудi, майлы дақылдарды жинауды 10 қарашаға дейiн аяқтауды тапсырды.

Экология департаментiнiң басшысы Әнуар Нұрсейiтов бүгiнгi таңда ең проблемалы мәселелердiң бiрi қатты тұрмыстық қалдықтардың полигондарын заңдастыру болып табылатынын баяндады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың 130 үйiндiлер мен полигондар бар, соның iшiнде 25-i ғана заңдастырылған. Ғарыштық мониторингтiң нәтижесi бойынша заңдастырылмаған 1576 үйiндiлер анықталған.

Облыс әкiмi осы мәселе бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына аудандар мен қалалардың әкiмдерiмен бiрлесiп қатты тұрмыстық қалдықтардың полигондарын, сонымен қатар, ҚТҚ полигондары жоқ ауылдық округтердiң елдi мекендерiнде қалдықтарды уақытша орнластыруға арналған алаңдарды рәсiмдеу бойынша шаралар қолдануды тапсырды.

Сондай-ақ, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына аудандар мен қалалардың әкiмдерiмен бiрлесiп ҚТҚ полигондарының құрылысын салу, қүтiп үстау және қызмет көрсету, облыс өңiрлерiнде кәдеге жаратылатын шикiзат қабылдау пункттерiн көбейту және контейнерлер алаңдарын дұрыс жайғастыру, коммуналдық қалдықтарды бөлектеп жинауды iске асыру бойынша қажеттi жұмыстар жүргiзудi тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны