15.11.2019, 13:33 14047

Ақмола облысының әкімі Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды

Өңiр басшысы қала әкiмi Амангелдi Смаиловқа үш жыл iшiнде облыс орталығының көше-жол желiсiн жөндеуге қарастырылған қаржы шеңберiнде жолдарды жөнге келтiрiп жаңбыр суын ағызу арналарын орнатуды тапсырды.

Көкшетау. 15 қараша. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары кезiнде Краснояр трассасының бойындағы жеке меншiк секторының тұрғындарымен кездестi. Қазан айында "Ашық әкiмдiк" форматында ашық есiк күнiн өткiзу кезiнде өңiр басшысы жолдың сапасы, көшелердi жарықтандыру, автобус қатынасы мен басқа проблемалы мәселелерi бойынша шағымданғаносы округтiң тұрғындарын жеке қабылдаған болатын.

Өңiр басшысы қала әкiмi Амангелдi Смаиловқа үш жыл iшiнде облыс орталығының көше-жол желiсiн жөндеуге қарастырылған қаржы шеңберiнде жолдарды жөнге келтiрiп жаңбыр суын ағызу арналарын орнатуды тапсырды.

Облыс әкiмi осындағы оқыту-тәрбиелеу кешенiнiң құрылыс алаңын аралап көрдi. 2016 жылы басталған құрылыс жобасын пысықтау, iрге тасын қайта құру қажет болғандықтан тоқтап қалған. Мердiгер объектiнi 2020 жылғы 1 қыркүйекте пайдалануға беретiнiне сендiрдi. Бүгiнгi таңда екiншi қабаты жабылған. Кiреберiс тобы орындалған, тас қалаушылар үшiншi қабатын бастапты.

Ермек Маржықпаев мердiгерден сапасына әсер еткiзбей жоспарланған мерзiмдi сақтауды талап еттi. Объектiнi жоспарланған мерзiмiнде iске қосу жетiспейтiн оқу орындары және мектепке дейiнгi орындары проблемасын шешуге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, округке шағын аудан мәртебесiн беру мәселесi көтерiлдi. "Бiз, тура жауап алғанымызға қуаныштымыз", - дедi әңгiмелесу барысында ақсақал Сарсенбай Сердалин.

Сол күнi өңiр басшысы Қажымұқан атындағы №3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдердiң олимпиада резервi мектебiнде болып, ондажас спортшыларға жасалған жағдайлармен танысты. Мектептiң төбесiн жөндеу, сондай-ақ, көпбейiндi спорт алаңының құрылысын салу қажет екен. "Көмектесемiз, бiрақ нәтижелер де болуы керек", - дедi облыс әкiмi.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны