02.04.2014, 20:23 3753

А.Нұрсейітов: Бүгінде "ҚазМұнайГаз" БӨ" қуаттылық қоры барреліне 85 долларды құрайды

"Ирине, басты мұнай-газ қоры - Батыс Қазақстан. Олар негізінен контрактіге отырып қойғандар. Біз енді әлде де тереңдей түсеміз. Негізінен бүгінде біз 5 мың метрден бастап өндіре бастаймыз", - дейді бас директор.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Бүгінде "ҚазМұнайГаз" ӨБ" қуаттылық қоры барреліне 85 долларды құрайды. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз конференциясы барысында "ҚазМұнайГаз" Өндірістік Барлау" АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов мәлімдеді.

"Саяси жағдайлар бойынша мұндай жағдайларды біз әрқашан ескереміз. Бүгінде "ҚазМұнайГаз" БӨ" мықтылық қоры барреліне 85 долларды құрайды. Осы орайда біздің алға қойған өндірістік міндеттемелеріміз өз күшін жоймайтынын да айта кету керек. Егер, әрине, мұнай бағасы төмендейтін болса, біздің қарастырып қойған өз жоспарларымыз бар", - дейді А.Нұрсейітов.

Айта кету керек, "ҚазМұнайГаз" ӨБ Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі бойынша алғашқы үштікке енеді.

А.Нұрсейітовтың айтуынша, Қазақстанда қызығушылықты оятып отырған 15 мұнай-газ бассейні бар.

"Ирине, басты мұнай-газ қоры - Батыс Қазақстан. Олар негізінен контрактіге отырып қойғандар. Біз енді әлде де тереңдей түсеміз. Негізінен бүгінде біз 5 мың метрден бастап өндіре бастаймыз", - дейді бас директор.

Оның айтуынша, компания жылына негізгі капиталға 90 млрд теңге инвестиция салады. Соның ішінде жаңғырту жұмыстарына жылына шамамен 10-15 млрд теңге қарастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны