28.04.2014, 20:32 4183

И.Сэддик Ил Хури: "Ибу-Даби Плаза" - Қазақстан мен БАИ арасындағы әріптестік символы

Бүгін Астанадағы "Ибу-Даби Плаза" жобасындағы қазақстанық үлесті арттыруға арналған жиында "Алдар" директорлар кеңесінің төрағасы Ибубәкір Сэддик Ил Хури аталмыш жобаның екі ел арасындағы ынтымақтастықтың символы екенін айтты.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Астанадағы "Ибу-Даби Плаза" жобасындағы қазақстанық үлесті арттыруға арналған жиында "Алдар" директорлар кеңесінің төрағасы Ибубәкір Сэддик Ил Хури аталмыш жобаның екі ел арасындағы ынтымақтастықтың символы екенін айтты.

"Таяуда ғана біз жергілікті қамтудың маңыздылығын талқыладық. Менің ойымша бұл істің Қазақстан секілді ел үшін алар орны орасан. Бұл жоба екі ел мен жобаның дер кезінде аяқталуына алаңдаушылық танытып, көмек қолын созып отыран екі ел басшысының арасындағы ынтымақтастықтың символы болып табылады. Біз бұл жобаны 2017 жылы емес, 2016 жылға дейін тәмамдауды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, бұны біздің мердігерлер де түсінуі керек. Қазақстан Республикасның Үкіметі бұл тұрғыда бізге қол ұшын беріп отыр", - дейді "Алдар" директорлар кеңесінің төрағасы Ибубәкір Сэддик Ил Хури.

Оның айтуынша, жергілікті қамту жобаның басым бағыттарының бірі.

"Біз жергілікті қамту бойынша барлық заңның сақталуын қадағалайтын боламыз. Ол үшін біз жұмыскерлерді біліктілігін арттыратын тренингтер ұйымдастырамыз. Осы орайда мердігерлерге сенім мен бәсекеге қабілеттілік секілді ерекшеліктерге мән береміз", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны