19.11.2020, 19:55 10649

Ақсу кен орнының ІІ Октябрьский алаңында ашық тау-кен жұмыстары басталды

Ақсу кен алаңы Ақмола облысында орналасқан. Кен орны алты кен учаскесінен тұрады: Батыс, Орталық, Старательский, I Октябрьский, II Октябрьский және Буденновский.

Алматы. 19 қараша. Kazakhstan Today - "Алтыналмас АК" АҚ Ақсу кен орнында ашық тау-кен жұмыстарына кірісті.

Ақсу кен алаңы Ақмола облысында орналасқан. Кен орны алты кен учаскесінен тұрады: Батыс, Орталық, Старательский, I Октябрьский, II Октябрьский және Буденновский.

"Алтыналмас АК" АҚ күшімен Ақсу кен орнының ІІ Октябрьский алаңында ашық тау-кен жұмыстары басталды. Карьердің жобалық қуаты жылына 5 000 мың тонна кен және 36 040 мың тонна тау-кен массасы. 2020 жылдың қорытындысы бойынша кен өндіру 260 мың тоннаны құрайды деп күтілуде, ал 2021 жылы жылына 5 000 мың тонна кен өндіретін жоспарлы өндірістік қуатқа шығу көзделіп отыр.

Пайдалы қазбалар жобаның жеке алтын шығаратын фабрикасында өңделетін болады, оның құрылысы 2021 жылдың 2-тоқсанына аяқталады деп жоспарланған.

Ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін ең заманауи техника: "HITACHI" 1900/2600 карьерлік экскаваторлары, "CAT" 777E карьерлік жүк түсіргіштері, "CAT" үлгісіндегі тиеу машиналары мен бульдозерлер жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта "Ақсу" жобасының штатында 95 қызметкер жұмыспен қамтылған. Жоба толық өндірістік қуатқа шыққан кезде жалпы штат 754 адамды құрап, 659 қосымша жұмыс орнын ашу жоспарда бар.

Анықтама:

"Алтыналмас АК" АҚ - толық геологиялық, тау-кен өндіру және алтын өңдеу циклін қамтыған компания. Компанияның Қазақстан Республикасының төрт аймағында активтері бар: Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы "Ақтоғай" жобасы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы "Ақбақай" жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы "Мизек" кен орны, Ақмола облысындағы "Ақсу" жобасы және "ТМК ҚАЗАҚАЛТЫН" АҚ объектілері.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны