13.02.2020, 18:32 7406

Ақтөбе облысында "Энергосистема" ЖШС-ның тарифі төмендетілді

Бұл қолданыстағы тарифтен 0,04 теңгеге немесе 1%-ға төмен.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында "Энергосистема" ЖШС-ның тарифі төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өңірлік электр желілік компаниясы "Энергосистема" ЖШС-ы реттеліп көрсететін электр энергиясын беру және бөлу қызметіне тарифін төмендетуге бастамашылық жасап, 2020 жылға тарифіне талдау жүргізді.

Нәтижесінде, Департаменттің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 14-НҚ бұйрығымен "Энергосистема" ЖШС-ның электр энергиясын беру және бөлу қызметіне тарифті 1 кВт-ны 4,62 теңгеге (ҚҚС-сыз) дейін төмендетілді.

Бұл қолданыстағы тарифтен 0,04 теңгеге немесе 1%-ға төмен.

Бекітілген тариф 2020 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны