06.06.2019, 18:27 12966

Ақтауда Иран Ислам Республикасынан құны 1,1 млрд.теңгелік темекіні контрабандалық жолмен әкелу фактісі анықталды

Мамандардың есебі бойынша тиісті кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы 1,8 млрд. теңгені құрады. Қазіргі таңда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

Ақтау. 6 маусым. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Иран Ислам Республикасынан, темекі тауарын контрабандалық жолмен әкелу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Департамент қызметкерлері облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының аумағында 12 контейнерден кеден органдарына мәлімделмеген, құны 1,1 млрд.теңге тауар - сигареттер табылды, мамандардың есебі бойынша тиісті кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы 1,8 млрд. теңгені құрады. Қазіргі таңда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны