24.07.2020, 17:24 7697

Ағымдағы жылдың 6 айында көпбалалы аналар 113,6 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды

2020 жылғы қаңтар-маусым аралығында жалпы сомасы 113,6 млрд. теңгеге 389,1 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Маусым айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 19,7 млрд. теңгеге 398,091 мың отбасы алды.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 6 айында көпбалалы аналар 113,6 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды.

2020 жылғы қаңтар-маусым аралығында жалпы сомасы 113,6 млрд. теңгеге 389,1 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Маусым айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 19,7 млрд. теңгеге 398,091 мың отбасы алды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 42,5 мың теңгеден (4 бала) 74,4 мың теңгеге (7 және одан да көп бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен сараланған.

Осылайша, осы жәрдемақының ұлғаюы 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етілді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 13 мамырда қол қойды.

8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға - 100 008 теңге, 10 - 111 120 теңге, 11 - 122 232 теңге, 12 - 133 344 теңге, 13 - 144 456 теңге, 14 - 155 568 теңге, 15 - 166 680 теңге, 16 - 177 792 теңге төленеді.

Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, осыған байланысты 8 және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері тағайындалған кезден бастап қайта есептелді. Осылайша, төленбеген сома осы жылдың шілде айында аударылды.

Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд. теңге қарастырылған

Еске сала кетейік, Қазақстандағы көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны