13.07.2015, 12:23 3654

И. Жақсыбеков: ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерді тарту - басты міндет

Бүгін Астана қаласыныӊ әкімі Иділбек Жақсыбеков кезекті аппарат отырысы барысында Елорда күніне орай өткізілген мерекелік іс-шаралардыыӊ қорытындысын шығарды

Астана. 13 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласыныӊ әкімі Иділбек Жақсыбеков кезекті аппарат отырысы барысында Елорда күніне орай өткізілген мерекелік іс-шаралардыыӊ қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Икім Елорда күнін мерекелеуге атсалысқан барлық құрылымдардыӊ жоғары деӊгейлі және бірлескен жұмыстарына оӊ бағасын берді. Жалпы, Астана қаласында 80 мерекелік іс-шара өтіп, оған 700 мыӊнан астам қонақ қатысты. Мерекелік шаралар жөнінде баяндау үшін 700 астам отандық және шетелдік БАҚ өкілі аккредитацияланды. Биылғы шаралардыӊ бір ерекшелігі - барлық аудандар мен тұрғын алаптарын қамту болды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

- Елорданыӊ мерекелік безендірілуіне ерекше тоталып өтпекпін. Илеуметтік желілерде тұрғындардыӊ қаланыӊ келбетіне оӊ бағасын бергенін байқауға болады. Түрлі мерекелік мүсіндердіӊ жанында түскен суреттер жарияланып жатыр. "Ел жүрегі - Астана!", "I Love Astana" секілді бренд мүсіндер үлкен резонансқа ие болды, - деді әкім.

Сондай-ақ, жиналыс барысында елорданыӊ дамуы үшін нәтижелі жұмыс пен табанды еӊбек етіп жүрген еӊ үздік қалалық құрылымдар марапатталды.

Аудандар арасында "Есіл" ауданы топ жарды. "Үздік қалалық құрылым" аталымында Білім басқармасы, "Үздік аумақтық құрылым" ретінде Ішкі істер департаменті, "Үздік қалалық өнеркәсіп" ретінде "Елорда Даму" ЖШС танылды.

Өзге де өзекті мәселелер туралы айта келе, қала басшысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне туристер мен қонақтарды тарту жұмыстарына баса назар аударды, сонымен қатар, осы бағытта "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы мен қалалық құрылымдар арасында тығыз қарым-қатынас орнатылуы керек екендігін айтты. Икім Қытай, Ресей секілді мемлекеттердіӊ шекаралас қалаларымен өзара қарым-қатынасты жолға қоюды да сөз етті.

- Қазір біз үшін келушілерді тарту - басты міндетіміз. "Қалалар дипломатиясы" каналдарын тиімді пайдалану қажет, әсіресе, ТМД ірі қалалары мен елордалары Халықаралық Ассамблеясы желісі бойынша, - деді И. Жақсыбеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны