28.09.2015, 14:54 4378

И. Жақсыбеков: кім-кімді және не үшін долларға мүдделі етеді

Бүгін Астана қаласы әкімдігініӊ кезекті аппарат жиналысында қала өміріндегі бірқатар маӊызды мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, "Тұлпар" сауда орталығындағы жалға берілетін орындардыӊ ай сайынғы төлемініӊ қымбаттауы талқыланды

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласы әкімдігініӊ кезекті аппарат жиналысында қала өміріндегі бірқатар маӊызды мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, "Тұлпар" сауда орталығындағы жалға берілетін орындардыӊ ай сайынғы төлемініӊ қымбаттауы талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жақында аталмыш сауда орталығыныӊ жалға алушылары басшылықтыӊ ай сайынғы төленетін төлемақыныӊ доллар курсыныӊ өсуіне байланысты көбейтіп отыратынын айтып, өз наразылықтарын білдірген болатын. Атап өту керек, мұндай жағдай қаланыӊ басқа сауда орталықтарында да орын алған, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Елорда әкімі жалға алушыларға ниеттестік білдірді. - Долларға мүдделі болудыӊ бұған қандай қатысы бар? Жалға берілетін орындардыӊ төлемақысына доллар курсы қалайша әсер етеді? Жалға алушылар саудадан түскен ақшаны тек қана теӊгемен алады, ал, төлемақыны доллармен төлеуге міндетті. Осыныӊ барлығы баға саясатыныӊ тұрақсыздығына әкеліп соғады, - деді И. Жақсыбеков және арнайы жұмыс тобына осы мәселеніӊ шешімін тауып, қажетті түсіндірме жұмыстарын өткізуді тапсырды.

Елорда басшысы қаланыӊ жол жиектеріндегі ақылы тұрақтардыӊ жеткілікті болуын ұйымдастыруды тапсырды, бұл өз кезегінде қаладағы жол қозғалысы трафигіне оӊ әсерін тигізуі қажет. Бұл үшін шетелдіктердіӊ алдыӊғы қатарлы тәжірибесін зерттеп, ішкі аумақтар, мектеп айналасы, ЖОО және басқа да әлеуметтік нысандар трафигіне көӊіл бөлу шарт.

Шағын және орта бизнес дамуыныӊ көптеген мәселелері, сонымен қатар, автотұрақтардыӊ құрылысы әлі толықтай бір ретке қойылмаған жер телімдерін аукционға шығару механизміне келіп тіреледі. И. Жақсыбеков ағымдағы ережелерге тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды, оларды жеӊілдірек, түсінікті әрі анық, және еӊ бастысы - бүгінгі күнге, жаӊа экономикалық саясатқа сәйкес қылып жасауды тапсырды.

Икім, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйлердіӊ жағдайларына ерекше тоқталып өтті. Бұл жерде түйткілді мәселелер көп. Кейбір салушылар қосалқы трансформаторлық бекеттерді, қазандықтарды және басқа да қосалқы нысандарды уақытында қала балансына бермейді. Бұл өз кезегінде пәтерді сатып алу мен күту бағасына тікелей әсерін тигізеді. Үй аумақтарыныӊ абаттандырылуы мен үй асты орындарыныӊ басқа мақсаттарда қолданылуы тұрғындардыӊ арыз-шағымдарын туғызуда. И. Жақсыбеков аталмыш нысандарды аралау барысында бірқатар ескертпелерді айтып, тез арада бұл кемшіліктердіӊ орнын толтыруды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны