15.01.2008, 15:42 1741

Абай шахтасының зардап шеккен кеншілерінің отбасыларына сақтандыру өтемақыларын "Евразия" сақтандыру компаниясы төлейді

Абай шахтасының зардап шеккен кеншілерінің отбасыларына сақтандыру өтемақыларын "Евразия" сақтандыру компаниясы төлейді

Алматы. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Арселор Миттал Темиртау" АҚ сақтандырушысы болып табылатын "Евразия" сақтандыру компаниясы Абай шахтасының зардап шеккен кеншілерінің отбасыларына сақтандыру өтемақыларын төлейді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне сақтандыру компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Біз зардап шеккендердің отбасылардың қайғыларына ортақпыз және Қазақстан Республикасының "Жұмысшының еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына залал келтірілгені үшін жұмыс берушінің азаматық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заңымен бекітілген мөлшерде және мезгілінде барлық төлемдерді іске асырамыз", - деп атап көрсетті "Евразия" сақтандыру компаниясы" АҚ басшылығы.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, сақтандыру компаниясының өкілдері Абай шахтасындағы апат себептерін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамына кіреді.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеніштегі жарылыс салдарынан 30 адам қайтыс болып, 14 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Қарағанды мен Абай ауылының ауруханаларында емделуде.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2006 жылдың 20-қыркүйегінде Қарағанды облысындағы "Миттал Стил Теміртау" АҚ көмір департаментінің Ленин атындағы шахтада метан газының жарылуынан болған апаттан кейін "Евразия" сақтандыру компаниясы" АҚ 213 млн теңге көлеміндегі өтемақыны зардап шеккендер мен қайтыс болғандардың отбасыларына төлеген болатын. Ол кезде апаттан 41 адам қаза тауып, 9 адам әртүрлі дене жарақаттары мен күйікке, ал 3 адам кәсіби ауруға ұшыраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны