16.06.2017, 14:00 6600

Абылай Мырзахметов: "Шағын және орта бизнес үшін қолайлы жағдай экономикалық дамуды қамтамасыз етеді"

"2015 жылдыӊ қаӊтар-желтоқсанымен салыстырғанда 2016 жылдыӊ қаӊтар-желтоқсан айларында шағын және орта бизнестіӊ өнім шығаруы 6%-ға төмендеген, ал жұмыс істеп тұрған субъектілер 4,5%-ға қысқарған (шамамен 56 мыӊ субъект). Бұл статистика шағын және орта бизнестіӊ қиын жағдайда екенін көрсетеді", - деп есептейді Абылай Мырзахметов.

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Ұлттық палатаныӊ IV Съезі барысында "Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Қазақстан экономикасын жақсартуға арналған бірнеше бағыттарды атап көрсетті.

"Мемлекет басшысы үшінші жаӊғыру бойынша тапсырма берді. Жұмыс сапарымыз барысында кәсіпкерлерге жүргізілген сауалнама арқылы салалық кәсіпкерлердіӊ пікірін тыӊдадық және бизнес-ортаны жақсарту мен осы мақсатқа жетуге арналған 5 бағытты анықтадық. Оныӊ қатарында бірінші -макроэкономикалық тұрақтылық, екінші - экономикада мемлекеттіӊ үлесін азайту, үшінші - мемлекеттік қолдаудыӊ көлденеӊ шараларына кезеӊ-кезеӊімен өту, төртінші - бизнеске бағдарланған реттеу және бесінші - кәсіпорынныӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру", - деп талдады Абылай Мырзахметов.

Басқарма Төрағасы ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес көрсеткіштері туралы баяндады.

"Алдын ала мәліметке сүйенсек, 2016 жылы шағын және орта бизнестіӊ ЖІӨ-дегі үлесі 23%-ға дейін төмендеген (2015 жылы - 25%). Бұл көрсеткіш бойынша шағын және орта бизнестіӊ жалпы ішкі өнімдегі үлесін есептеу әдіснамасы бойынша мәселе қалыс қалғанын атап өту қажет. Қазіргі таӊда статистика үшін бір ғана көрсеткіш қолданады - жұмысшылар саны (250 адамға дейін)", - деп бастады Абылай Мырзахметов.

Осылайша, шағын және орта бизнестіӊ қатарына квазимемлекеттік сектор субъектілері, жекелеген ірі шикізаттық компаниялар енгізіледі.

"2015 жылдыӊ қаӊтар-желтоқсанымен салыстырғанда 2016 жылдыӊ қаӊтар-желтоқсан айларында шағын және орта бизнестіӊ өнім шығаруы 6%-ға төмендеген, ал жұмыс істеп тұрған субъектілер 4,5%-ға қысқарған (шамамен 56 мыӊ субъект). Бұл статистика шағын және орта бизнестіӊ қиын жағдайда екенін көрсетеді", - деп есептейді Абылай Мырзахметов.

Спикер тұрақты ұзақмерзімді экономикалық өсімге жету үшін бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мән берілуі керек екеніне назар аударды.

"Сонымен қатар, 2017 жылы іскерлік белсенділіктіӊ артқаны байқалады, 1-тоқсан бойынша ЖІӨ өсімі 3,5% көрсеткішіне жеткен. Мұндай жақсы көрсеткіштіӊ негізгі драйвері шикізат секторы мен ірі кәсіпорындары болғанын түсінеміз. Ұзақмерзімді тұрақты экономикалық өсуді іске асыру үшін шағын және орта бизнеске барынша қолайлы жағдай жасалуы қажет", - деді ҰКП Басқарма Төрағасы.

Абылай Мырзахметов қаржыландыруға қол жеткізу күрделі екенін атап өтті.

"Бизнес үшін өзекті мәселе - қаржы көздеріне қол жеткізу. ҚР Ұлттық банкі біртіндеп сыйақы мөлшерін (қазір шамамен 11%) азайтып отырғанына қарамастан несиелер арзандаған жоқ. Инфляцияға бағытталған күрес ретінде Үкімет жүргізіп отырған тарифтік саясатты айтуға болады. Ұлттық банк инфляцияға ғана емес сонымен қатар экономика өсуіне де жауап беруі тиіс, осылайша Үкіметке қолдау көрсетіледі. Осыған орай несиелердіӊ қолжетімділігін арттыру мақсатында сыйақыныӊ базалық мөлшерін ары қарай төмендету қажет", - деп ұсыныс берді Басқарма Төрағасы.

Съезд барысында Абылай Мырзахметов көтерген тағы бір негізгі мәселе - салық саясаты.

"Жасалып жатқан салық реформасында Елбасы тапсырмасына сәйкес салық ауыртпалығын арттырмау қажет. Бүгінде салық саясаты фискальды функцияны орындауға бағытталған. Мемлекет өзініӊ әлеуметтік міндеттерін орындау қажеттігін жақсы түсінеміз, бұл үшін бюджетке құйылатын тұрақты кірістер қажет. Осы ретте салық саясаты іскерлік белсенділікті арттыруға екпін беруін, басымдықтар арқылы салалық ынталандыруды талқылауға салу қажет", - деді спикер.

Басқарма Төрағасы мемлекеттік қолдаудыӊ "көлденеӊ" шараларына кезеӊ-кезеӊімен өту мәселесіне тоқталды.

"Қаржыландыруға қол жеткізудіӊ жүйелі мәселелері, бірқатар салалардағы жоғары шығындар салдарынан мемлекет бизнесті субсидиялауға мәжбүр. 2016 жылы мемлекеттік қазынадан субсидиялауға 400 млрд-тан астам теӊге бөлінді. Бәрімізге белгілі бизнеске көзделген субсидиялар "Бизнестіӊ жол картасы-2020" және АӨК субсидиялары арқылы беріледі. Ал мұндай шаралардыӊ қамту көрсеткіші үлкен емес екенін білеміз және осындай қолдауды 1,2 млн субъектіден тұратын шағын және орта бизнес өкілдерініӊ барлығы пайдаланып отырған жоқ", - деді Абылай Мырзахметов.

Спикердіӊ айтуынша кәсіпкерлерге "көлденеӊ" шаралар маӊызды. Атап айтқанда салықтық ауырпалықтыӊ төмендігі; қолжетімді несиелер; сапалы инфрақұрылым; сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігі, жетекші білім мен технологияларға қолжетімділік кәсіпкерлерге қажет.

ҰКП Басқарма Төрағасы қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдаудыӊ қолданысын арттыруға мүмкін екенін алға тартты. Ол үшін бюджеттік қаржыны белгілі бір бағыттар бойынша қайта бөлу қажет. Мәселен, БЖК аясында бір нысанға инфрақұрылым салу сынды жұмыс он шақты кәсіпорынды субсидиялау мүмкіндігін шектейді.

Нысанды қолдауды басымдыққа ие салалардағы бәсекелікке қабілеттілік бағдарламалар шараларына бағыттау қажет. Ал сол компаниялардан технологиялық жаӊғыру бойынша талаптар сұралу керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны