11.04.2014, 19:45 3226

"Ибу-Даби Плаза" кешеніне тапсырыс берушілер жобадағы қазақстандық қамту үлесін арттыруға ниетті

"Жақын арада бірлесіп сараптамалық жұмысты жүргіземіз және "Ибу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы барысында пайдалануға болатын отандық құрылыс материалдардың тізімін жасақтаймыз", - деп "NADLoC" қазақстандық қамту бойынша ұлттық агенттік" АҚ төрағасы Қайрат Бектүргенев мәлім етті.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. ҚР ИЖТМ Қазақстандық қамтуды дамыту агеттігінде ("NADLoC" АҚ) "Ибу-Даби Плаза" көпфункционалды кешеніне тапсырыс берушісі - "АЛДАР ЕУРОАЗИЯ" ЖШС кездесу өтті. Тараптар жобадағы қазақстандық қамту үлесін арттыру мүмкіндіктерін талқылады.

"Жақын арада бірлесіп сараптамалық жұмысты жүргіземіз және "Ибу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы барысында пайдалануға болатын отандық құрылыс материалдардың тізімін жасақтаймыз", - деп "NADLoC" қазақстандық қамту бойынша ұлттық агенттік" АҚ төрағасы Қайрат Бектүргенев мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Астанада "Ибу-Даби Плаза" ғимаратын көтеру барысында отандық құрылыс компанияларды тартуды тапсырған еді.

ИЖТМ хабарлағандай, жоба шеңберінде БАИ инвестиция көлемі 1,6 млрд. долларды құрайды. Жалпы "Ибу-Даби Плаза" нысаны ТМД ең биік тұрғын үй кешені болады деп жоспарлануда. Құрылыс 2017 аяқталады деп белгіленген.

"Біз өз тарапымыздан серіктестікке және жобаға қазақстандық мамандарды тартуға дайынбыз. Бүгінде жоба жұмысшыларының 75% Қазақстан азаматтары. Жеткізушілер ішінен біз жаңалыққа ұмтылатын және өз тәжірибесімен бөлісуге дайын компанияларды көрсек деп едік", - деді "Алдар ЕуроАзия" ЖШС бас директоры Эльяс Дибб.

Астанада 2014 жылдың 28 сәуірінде Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевтың төрағалығымен "Ибу-даби Плаза" кешенінің құрылысы барысында қазақстандық қамту үлесін арттыруға арналған кеңейтілген отырыс өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны