24.05.2012, 13:19 2800

АЭФ-2012 аясында жалпы құны 1,5 млрд. АҚШ доллары болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды

2012 жылғы Астана экономикалық форумы аясында жалпы құны 1,5 млрд. АҚШ доллары болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Бұл туралы "Көшбасшылар диалогы: жаңа қаржылық-экономикалық саясат" атты брифингте сөз алған Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы төрағасының орынбасары Михаил Федоров хабарлады.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - АЭФ-2012 аясында жалпы құны 1,5 млрд. АҚШ доллары болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылғы Астана экономикалық форумы аясында жалпы құны 1,5 млрд. АҚШ доллары болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Бұл туралы "Көшбасшылар диалогы: жаңа қаржылық-экономикалық саясат" атты брифингте сөз алған Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы төрағасының орынбасары Михаил Федоров хабарлады.

М.Федоровтың айтуынша, үш күнгі форум барысында әртүрлі деңгейдегі 55 іс-шара өтіп, оларға шамамен 8 мың адам қатысты. Қазақстандық компаниялар мен шетелдік инвесторлар жалпы құны 1,5 млрд. АҚШ доллары болатын инвестициялық келісімдерге қол қойды. "Бұл республика үшін өте жақсы көрсеткіш", - деді ол.

"Астана экономикалық форумы алаңында бірегей іс-шаралар өтті. Солардың ішінде Нобель сыйлығының 11 лауреаты қатысқан теледебаттарды ерекше атауға болады", - деді М. Федоров.

Баршаға аян, Астана экономикалық форумына қатысу үшін белгілі ғалымдар мен Роберт Манделл, Эдвард Прескотт, Джон Нэш сияқты экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Қазақстанның елордасына келді.

"Форумда көптеген бастамалар айтылды. Менің ойымша, бірінші Экономикалық жастар форумының өтуі - биылғы форумның үлкен жетістігі. Жастар осы аудиторияда отырып, сіздердің пікірлеріңізді тыңдады, "Бүгінгі студент - ертеңгі экспонент" атты сессияда өзекті мәселелерді талқыға салды. Студенттердің мұндай диалогы өте қызықты болды", - деп атап өтті ол.

Өз сөзінде М.Федоров барлық ниет танытушыларды 2013 жылдың 24 мамырында Астанада өтетін Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияға қатысуға шақырды. Бұл конференцияны өткізу туралы шешім биылғы V Астана экономикалық форумы аясында қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны