28.04.2014, 20:36 14352

АЭФ аясында Қазақстанның инновациялық экономикасы бойынша конференция өтеді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2014 жылдың 21-ші мамырында VII Астана экономикалық форумы аясында "Қазақстанның инновациялық экономикасы жаһандану жағдайында тұрақты дамудың факторы ретінде" атты халықаралық ғылыми конференция өткізу жоспарлануда.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan today. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2014 жылдың 21-ші мамырында VII Астана экономикалық форумы аясында "Қазақстанның инновациялық экономикасы жаһандану жағдайында тұрақты дамудың факторы ретінде" атты халықаралық ғылыми конференция өткізу жоспарлануда.

Конференция модераторы - Ерлан Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі.

Конференцияда баяндама жасаушылар Эрик Маскин "тиімді механизмдер теориясы негіздерін қалыптастырғаны" үшін 2007 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, Эдвард Прескотт "динамикалық макроэкономика: экономикалық саясат пен іскерлік циклдердің уақыттағы үйлесімділігіне" салған үлесі үшін 2004 жылы Нобель сыйлығының лауреаты.

Шара спикерлері болып Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Словакия, Үндістан, Польша ғалымдары қатысады, деп ЕҰУ-де хабарлады.

Конференцияның мақсаты: қазіргі инновациялық экономиканың дамуының өзекті сұрақтары бойынша жас ғалымдар арасында ақпарат алмасу, қазіргі ғылыми зерттеулерді бастамаларға ұсыну, әлеуметтік-экономикалық жүйелер мен үдерістерді модернизациялау және трансформациялау саласындағы ғылыми тәжірибені нақтылау.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны