08.04.2014, 20:18 3034

АЭФ аясында салықтық әкімшіліктердегі кәсіпкерлік процестерді басқарудың инновациялық тәсілдері туралы сессия өтеді

2014 жылдың 21-23 мамыры күндері VII Астана экономикалық форумы аясында "Салықтық әкімшіліктердегі кәсіпкерлік процестерді басқаруға инновациялық тәсілдеме" сессиясы өтеді.

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың 21-23 мамыры күндері VII Астана экономикалық форумы аясында "Салықтық әкімшіліктердегі кәсіпкерлік процестерді басқаруға инновациялық тәсілдеме" сессиясы өтеді.

Бұл шараның мақсаты мемлекеттердің басқару үлгісін жаңғырту, сондай-ақ функциялары мен процестерді қайта құрылымдаудың тәсілдері жөнінде талқылап, тәжірибе алмасуы болмақ.

Өткізілетін шараның тиімді жағы салық органдарындағы бизнес процестерін тиімдірек басқаруды қамтамасыз етудің тәсілдері мен инновациялық құралдары жөнінде ұсыныстар жасау болмақ, деп шараны ұйымдастырушылар хабарлады.

Кәсіпкерлік процестерді тиімдірек басқаруды қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары. Кәсіпкерлік процестерге өзгерістер мен жаңалықтар ендіру мәселелері мен қиындығы.

Сессияның талқылауына ұсынылған мәселелер бойынша бизнес-процестерді басқаруға қатысты бастамаларды жасаған немесе жүзеге асырған сарапшылар, мемлекеттік салық қызметінің жетекшілері, Нобель сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері келіп, пікірталастың негізгі қатысушылары болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны