24.05.2012, 11:13 3095

АЭФ - әлемдік қаржы дағдарысын еңсеруде ортақ пікір алмасудың үлкен мүмкіндігі

Астана экономикалық форумы әлемдік қаржы дағдарысын еңсеруде ортақ пікір алмасуға қажетті маңызды алаң болып табылады, деп мәлім етті Түркияның Премьер-Министрі Реджеп Тайип Ердоған.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - АЭФ - әлемдік қаржы дағдарысын еңсеруде ортақ пікір алмасудың үлкен мүмкіндігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана экономикалық форумы әлемдік қаржы дағдарысын еңсеруде ортақ пікір алмасуға қажетті маңызды алаң болып табылады, деп мәлім етті Түркияның Премьер-Министрі Реджеп Тайип Ердоған.

"Астана экономикалық форумы дағдарысты еңсеріп, одан шығу жолында ортақ пікір алмасу үшін өте маңызды мүмкіндік", - деді Р.Ердоған Астана экономикалық форумының ашылу салтанатында.

Түркия Үкіметінің басшысы атап өткендей, бүгінгі таңда дағдарыс бүкіл әлем алдында тұрған қиындық. "Егер бүкіл әлем алдында бір қиындық болса, оның шешімі де ортақ болу керек. Бұл міндетті", - деп атап өтті ол.

Осыған байланысты, оның ойынша "G-20" елдерінің ынтымақтастығын қамтамасыз ету мәселенің ең оңтайлы шешімі болып табылады.

"G-20" елдері 2008 жылы бас қосып, экономикалық дағдарастың одан әрі үдеп кетпеуіне тосқауыл қойған шараларды қабылдады. Менің ойымша, бізге ынтымақтастығымызды тоқтатпай, жаһандық мәселенің шешімін бірлесе табу керек. Бұл орайда "G-20" елдерінің жауапкершілігі бұдан да арта түсуі керек", - деп түйіндеді Түркияның Премьері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны