22.05.2014, 20:30 11987

АЭФ Қазақстандағы экономикалық тұрақтылықтың өсімін көрсетуде - Э.Болдырев

"АЭФ Қазақстандағы экономикалық тұрақтылықтың өсімін көрсетеді. Жалпы, мұндағы талқыланып жатқан мәселелердің барлығы дерлік маңызды, беріліп жатқан ұсыныстар да сүбелі. Менің ойымша, форум экономикалық тұрғыда үлкен серпіліс беруі мүмкін", - деді Ардени Болдырев.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. VII Астана экономикалық форумы (АЭФ) Қазақстан Республикасындағы экономикалық тұрақтылықтың өсімін көрсетуде. Бұл туралы бүгін "Strategy2050.kz" АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Қалмақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Эрдени Болдырев мәлімдеді.

"Мен Қазақстанға Астана экономикалық форумының арқасында алғаш рет келдім. Сіздерде орта тапты көтеруге, шағын және орта бизнесті дамытуда ілкімді жобалар жүзеге асырылып жатқаны көрініп-ақ тұр. Бұл тұрғыда Ресей Федерациясы да Қазақстан Республикасынан қалыс қалып жатқан жоқ. РФ Президенті Владимир Путин "Шағын және орта кәсіпкерлік" арнайы бағдарламасын бизнес саласына қолдау көрсету мақсатында қабылдады. Айта кетерлік жайт, ол федералдық деңгейде жұмыс істейді", - деді өз сұхбатында Қалмақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Эрдени Болдырев.

Сонымен қатар, ол, VII Астана экономикалық форумынан алған әсерімен бөлісті.

"АЭФ Қазақстандағы экономикалық тұрақтылықтың өсімін көрсетеді. Жалпы, мұндағы талқыланып жатқан мәселелердің барлығы дерлік маңызды, беріліп жатқан ұсыныстар да сүбелі. Менің ойымша, форум экономикалық тұрғыда үлкен серпіліс беруі мүмкін", - деді Ардени Болдырев.

Айта кетерлік жайт, бүгінде Қалмақстан Республикасы сыртқы экономикалық байланыстар кеңістігін кеңейту мақсатында Қазақстанмен өзара тиімді серіктестік туралы келісімге отыруға ниет танытуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны