15.08.2012, 15:08 3408

AES Өскемен ЖЭО-да айналмалы сумен қамтудың жаңа жүйесі іске қосылды

"AES Өскемен ЖЭО" АҚ-да құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын айналмалы сумен қамтудың жаңа жүйесі - желдеткіш Градирняның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Өскемен. 15-тамыз. Kazakhstan Today - AES Өскемен ЖЭО-да айналмалы сумен қамтудың жаңа жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"AES Өскемен ЖЭО" АҚ-да құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын айналмалы сумен қамтудың жаңа жүйесі - желдеткіш Градирняның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жаңа жүйе су үнемдеуге әсерін тигізеді және техникалық судың өзенге ағызылуын 47,9% төмендету есебінен Үлбі өзені бассейінінің эколологиялық жағдайын жақсартады. Желдеткіш Градирняның іске қосылуы Өскемен ЖЭО-ның электр қуатын өндіруін жылына 145 млн. кВт/сағ арттырады.

Айналмалы сумен қамтудың жаңа жүйесі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, АҚШ елшісі Кеннет Фэйрфакс, АЕS корпорациясының атқарушы вице-президенті және коммуналдық кәсіпорындар тобының атқарушы директоры Эндрю Визи, ТМД бойынша АЕS-тің вице-президенті Майкл Центер, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, мемлекеттік органдардың және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысқан Градирняның ашылу салтанаты барысында іске қосылды.

Қатысушылар Градирняның кешеніне енетін негізгі нысандарды: жеке қажеттіліктерді бөлу қондырғысын, қабылдау камерасын, тұйық жүйе бойынша салқындатылған техникалық суды турбиналардың конденсаторларына жіберуге арналған айналмалы сорғыны аралады. Градирня үшін Сименс және Ирвик сияқты әлемнің жетекші өндірушілерінің жабдықтары пайдаланылды.

Салтанат барысында Эндрю М. Визи өз сөзінде: "АЕS-тің Қазақстанға келген сәтінен бастап біз осы елдің энергетикалық секторы мен тұрғындарына қолдау көрсетіп келеміз. Біз Қазақстанға өзіміздің барлық бизнестеріміз бен қызметкерлеріміздің сараптама, ноу-хау, тәжірибе және технологиялық инновацияны тарату салаларындағы барлық жаһандық күш-қуатымызды ала келдік".

Өскемен ЖЭО жаңа салқындату жүйесінің жұмыс қағидасы келесіден тұрады: айналмалы сұлбада техникалық су жүйе бойынша қозғалады, конденсатордағы жылуды алып Градирняда салқындатылады және сорғылардың көмегімен қайтадан конденсаторларға беріледі. Судың салқындатылуы қажетті температураға дейін қамтамасыз етіледі. 6 секциялық Градирняда судың шығыны сағатына 24 000 метр кубті құрайды. (бір секцияға 4000 м3/сағ).

Майкл Центердің айтуы бойынша айналмалы сумен қамтудың жаңа жүйесі - бұл "AES компаниясының облыс энергетикасын дамытуға және Қазақстан энергожүйесінің сенімділігін арттыруға қосқан маңызды үлесі".

AES Корпорациясы Қазақстан да 15 жыл жұмыс жасап келеді және қазіргі уақытта Өскемен ЖЭО-ны қоса алғанада, жалпы қуаттылығы 2 688 МВт құрайтын төрт ірі компанияны басқаруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны