24.11.2020, 23:24 12885

Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуінде жалпы сомасы 12,7 трлн теңгеден асатын 600-ге жуық жоба бар

Әрбір бесінші жобада шетелдік қатысу орын алып отыр. Антикор-сүйемелдеу туралы келісім жасасқан компаниялардың қызметі өнеркәсіптің түрлі салаларымен, ауыл шаруашылығымен, құрылыспен, энергетикамен, сондай-ақ саудамен, туризммен, көлікпен және білім берумен байланысты.

Алматы. 24 қараша. Kazakhstan Today - Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу

Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау бүгін мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Осы бағытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша "Protecting business and investments" жобасын іске асыруда.

Бүгінгі таңда Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуінде жалпы сомасы 12,7 трлн теңгеден асатын 600-ге жуық жоба бар.

Әрбір бесінші жобада шетелдік қатысу орын алып отыр. Антикор-сүйемелдеу туралы келісім жасасқан компаниялардың қызметі өнеркәсіптің түрлі салаларымен, ауыл шаруашылығымен, құрылыспен, энергетикамен, сондай-ақ саудамен, туризммен, көлікпен және білім берумен байланысты.

Бизнес-жобаны Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуінің негізгі шарты - адал бизнес жүргізуге тең дәрежеде міндеттенетін отандық, сондай-ақ шетелдік инвестор келісімге қосылу керек.

Инвесторлар мен кәсіпкерлер жүгінетін проблемалық мәселелерді талдау, негізінен, инвесторлық визаларға, лицензияларға, салық салуға, кедендік баждарға, жоспардан тыс тексерулерге және жер қатынастарына қатысты екендігін көрсетті.

Аталған мәселелерді шешуде белгілі бір табыстарға қол жеткізу, бірінші кезекте, Агенттік пен "Атамекен" ҰКП арасындағы сындарлы ынтымақтастық пен жедел өзара іс-қимылға негізделген.

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында "Tamos Space School" ЖШС жалға алынған жер учаскесінде Ғарыштық технологиялардың жеке меншік мектебінің құрылысын жүзеге асыра отырып, жергілікті атқарушы органдарында рұқсат құжаттарын ресімдеумен байланысты мәселелерге тап болды.

Агенттіктің Нұр-сұлтан қаласы бойынша Департаментіне жүгініп, Келісім жасасқан соң, мәселелер қысқа мерзімде оң шешімін тапты.

Шығыс Қазақстан облысында "Суннкар" ЖШС 2 жылға жуық облыстың кен орындарының бірінде құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге лицензия ала алмады.

Осы өтінішті қарау барысында "Protecting Business and Investments" жобасы аясында уәкілетті органдармен жұмыс кеңестері өткізілді, ЖШС-ке лицензия беру мәселесі оң шешілді және тарату жоспары келісіліп, мақұлданды.

Павлодар облысында ӘКК-нің жайылымдық жерлерін конкурстық рәсімдерсіз басқа заңды тұлғаға суармалы дақылдар өсіруге беру бойынша "Урлютюб" ӘКК мүшелерінің Железин ауданының жергілікті атқарушы органдарына ұжымдық шағымы келіп түсті.

Өтініш берушілердің дәлелдері расталып, салдарынан Железин ауданының әкімдігі аталған жерлерді бастапқы қалпына келтірді. ӘКК мүшелерінің құқықтары қалпына келтірілді.

Осы облыста "PBI" жобалық кеңсесіне "Jet Logistic" ЖШС Шарбақты ауданында жүгі бар автокөлік құралын өткізбегені үшін кеден қызметінің әрекетіне шағыммен жүгінді.

Антикор қызметкерлері "Ертіс - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесіп, кеден бекеті қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді, проблемалық мәселелер шешілді. Кәсіпкерге жәрдем көрсетіліп, жүк соңғы нүктеге дейін жеткізілді.

Жамбыл облысында кәсіпкер Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі қалалық сотқа оның ғимаратын бұзу туралы талап арыз жолдады деп шағымданды.

Агенттік департаменті мен Арнайы мониторингтік топ жүргізген мониторинг барысында 2019 жылы Сәулет және қала құрылысы бөлімі ғимаратты бұзу туралы "қызыл сызық" ережелерін бұзды деген себеппен 19 талап арыз жібергені анықталды, сонымен қатар, олар ішінара жіберілген.

Сот талап арызды қанағаттандырмады, өйткені бұл нысандарда барлық қажетті рұқсаттар мен құжаттар болған, яғни ғимараттар заңды түрде салынған.

Осылайша, Департамент кәсіпкерлер мен азаматтардың заңды құқықтарын қорғау мақсатында, рұқсат беру құжаттары жоқ ғимараттарды қоспағанда, салынған ғимараттарды бұзу туралы талап арыз беру тәжірибесін алып тастау туралы ұсыныс енгізді. Департаменттің араласуынан кейін барлық талап арыздар алынып тасталды және кәсіпкерлер өз қызметін жалғастыруда.

Егер сізде антикор-сүйемелдеу өтінімін қалай беру және Келісімге қосылу туралы сұрақтарыңыз болса, Сіз жоба кеңсесінің үйлестірушілеріне мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: +7 (707) 350-63-07 және +7 (701) 575-40-37 (WhatsApp).

Олар Агенттіктің аумақтық департаменттері жанындағы "Antikor Ortaly?y" тиісті сервис орталығында Антикор және өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен кездесуіңізді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны