28.01.2016, 18:03 3910

Ағымдағы күнге жария етілген мүліктіӊ ҚР аумағында орналасқан мүліктер бойынша 452 млрд. теӊге

2015 жылдыӊ желтоқсанынан бастап жария ету рәсімін оӊайлататын заӊнаманыӊ және жария ету субъектлеріне кұкықты қорғау мен басқа мемлекеттік органдардыӊ заӊсыз іс-әрекеттерінен қосымша кепілдік берілетін жаӊа заӊнамалық ережелер күшіне енді.

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ағымдағы күнге жария етілген мүліктіӊ ҚР аумағында орналасқан мүліктер бойынша 452 млрд. теӊге; шет елдерде орналасқан мүліктер бойынша 1,0 млрд. теӊге, ақшалай 135 млрд. теӊге, барлығы 588 млрд. Теӊге, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылдыӊ желтоқсанынан бастап жария ету рәсімін оӊайлататын заӊнаманыӊ және жария ету субъектлеріне кұкықты қорғау мен басқа мемлекеттік органдардыӊ заӊсыз іс-әрекеттерінен қосымша кепілдік берілетін жаӊа заӊнамалық ережелер күшіне енді.

Жария ету субъектлеріне, банк шоттарына ақшаны салумен, сондай-ақ оларды салмай-ақ ақшаны жария ету тәсілін таӊдауға мүмкіндік берілген.

Енді Қазақстанныӊ аумағында орналасқан және тиісінше ресімделген мүлікті заӊдастыруды жүзеге асыру үшін жария ету декларацияны тұратын жері бойынша тапсыру жеткілікті.

Жергілікті жерлердегі әкімдік жанынан құрылған комиссияға азаматтар тек ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты ғана жүгінсе болады.

Заӊдастыру шараларыныӊ аяқталуы жалпыға бірдей декларациялау процесімен ұштастыру үшін рақымшылық мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Мемлекет басшысы айтқандай аталған акция аяқталғаннан кейін бүкіл әлемдегі шетел шоттары бойынша барлық ақпарат қайта тексерілетін болады.

Мүлікті жария етумен байланысты кез келген мәліметтер құпия болып табыладыда үшінші тұлғаларға таратуға жатпайды. Жария етумен байланысты кез келген ақпаратты жариялағаны үшін, заӊ бойынша қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Жария ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауға тыйым салынады, жария етілген мүлік тәркіленбейді.

ҚР МКК Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны