04.09.2018, 15:48 5374

Ағымдағы жылдыӊ 8 айында 2 886 адам ауылдарда 9,8 млрд. теӊгеге ипотекалық несие алды

Ағымдағы жылдыӊ 8 айында 2 886 адам ауылдарда 9,8 млрд. теӊгеге ипотекалық несие алып, ауылдыӊ көркеюіне өз үлестерін қосуда

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ ауылды жерлерге бюджеттік салаға жұмысқа келген мамандарға тұрғын үй сатып алуға несиелеу бағдарламасыныӊ сенім білдірген өкілі (агенті) болып табылады. Қор 2010 жылдан бастап осы мақсатта 30 мыӊға жуық несие бөлді.

"Дипломмен - ауылға" бағдарламасы Президент бастамасымен 2010 жылдан бері жүзеге асып келеді. Дипломы бар мамандарды ауылды жерлерге жұмысқа тарту және ауылдағы өмір сапасын көтеруге бағытталған бағдарлама жастарға мемлекеттік қолдаудыӊ бірнеше түрін ұсынады: жұмыс орындармен қатар бір жолғы ақылар төленеді жәнетұрғын үй салуға немесе сатып алуға төмен үстемемен несиелер беріледі.

Тұрғын үйді сатып алуға немесе салуға бюджеттік несиелерді беру бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ болып табылады.

Жалпы, бағдарлама басталғалы бері Қор арқылы 73,4 млрд. теӊгеге 29 473 адамға бюджеттік несиелер берілді.Ағымдағы жылдыӊ 8 айында 9,8 млрд. теӊгеге

2 886 адам несие алып, ауылдыӊ көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Көш басында Қызылорда облысы тұр, бұл аймақта 3 730 несие берілген, екінші орында -Алматы облысы (3 232 несие), үшінші орында - Батыс Қазақстан облысы (3 111 несие).

"Ауылдық ипотека" өзініӊ тиімді шарттарымен жастар арасында жоғары сұранысқа ие: ұзақ мерзім - 15 жылға дейін, төмен пайыз - жылына 0,01% ауыл тұрғындарыныӊ жоғары қызығушылығын тудырып отыр.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан" осындай несие алғандардыӊ қатарында -Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылыныӊтұрғыны Мақпал Қанатова. Орал қаласындағы "Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық" университетіӊ тамамдап, диплом алған Мақпал Ақжайық ауданындағы №1 мектепке жұмысқа орналасты.Мемлекеттік бағдарлама бойынша қолдау туралы естіген жас мұғалім 2015 жылы Қордыӊ облыстық филиалымен келісім-шартқа тұрып, бюджеттік несие алады. Несиелік қаражатқа тұрғын үй сатып алып, осы ауданда қалды. Мұғалімніӊ жалақысы несиені толық көлемде, уақытылы төлеуге жеткілікті.

"Жаӊадан жұмысқа тұрған маманға ешкім де несие бере бермейді, әрі мұндай төмен пайызбен үй ала алмайсыӊ, - дейді Мақпал Қанатова. - Айына 17 мыӊ теӊге төлеймін, бұл сома ешқандай қаржылық қиыншылық туғызбайды. Қазір отбасымныӊ қасында, туған ауылымныӊ дамуына үлесімді қосып жатқаныма қуанамын. Жолдасым мен қызыма жаӊа үй өте ұнайды. Мемлекеттік бағдарламаныӊ арқасында жұмысым да, баспанам да бар", - дейді жас маман.

Ауылды жерлерге жұмысқа келген мамандарды несиелеу бағдарламасы барлық облыстарда жүзеге асырылады. Ауылды көркейтуді, туған жерде еӊбек етуді таӊдаған жастар осы бағдарлама бойынша толық ақпаратты жергілікті аудандық әкімдіктерден ала алады.

Анықтама үшін: "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы - ауыл тұрғындарын, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін, ауылды жерлерде қызмет ететін шағын бизнес субъектілерін шағын несиелеумен айналысатын мамандандырылған қаржы-несиелік ұйым болып табылады."ҚазАгро" Ұлттық Басқарушы Холдингі" АҚ құрамына кіреді.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны