22.09.2009, 14:19 2686

Ағымдағы жылдың 8 айында темір жолдарды пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша 56 әкімшілік іс қаралған - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Ағымдағы жылдың 8 айында темір жолдарды пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша 56 әкімшілік іс қаралған - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 8 айында темір жолдарды пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша 56 әкімшілік іс қаралған. Бұл туралы Астанада өткен "Қозғалыс қауіпсіздігін жүзеге асыру бойынша көліктік бақылау органдарының мақсаты мен міндеті және жол көлігінде апаттық жағдайды ескерту. Сыбайлас жемқорлық сипаттағы заң бұзушылықтардың болуына септігін тигізетін жағдайлар мен алғышарттардың алдын алу жұмыстарын күшейту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шараларын жүзеге асыру" тақырыбына арналған дөңгелек үстелде мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ағымдағы жылдың 8 ай ішінде Астана станциясы бойынша темір жол мекемелерінің жұмыс қорытындыларын талқылады. Есептік мерзімде жіберілген ақаулар 3 жағдайға дейін ұлғайғандығы ескерілген. Солардың бірінде Астана - Қарағанда телімінде 1 сағат бойына пойыздың кідірісі болды, екінші жағдайда техникалық паркте маневр жұмыстары барысында жолаушылар вагонының жолдан шығып кетуіне соқтырды. Үшінші жағдай бойынша жолаушылар пойызы мен жұмысшы пойызының платформаларымен соқтығысуы болды.

Есептік кезеңде "Сарыарқа" инспекциясы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған көліктік заңнамаларды сақтау бойынша темір жол көліктерінде шарушылық субъектілер қызметіне 37 тексеріс жүргізді. Қорытындысы бойынша 775 тәртіп бұзушылықтар анықталып, 37 акт жасалды және 32 жазба ескертпелер берілді.

Жолаушылар пойызын тексеру барысында техникалық пайдалану ережелерінің 250 бұзушылығы анықталып, 48 жазба ескертпе берілді.

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп келтіретін бұзушылықтар салдарынан 20 станциялық аударма бағыттағыш жабылып, 4 кіреберіс жолдарында вагондарды беру-жинастыру тоқтатылды.

Барлық есептік мерзім ішінде темір жолдарды пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша 56 әкімшілік іс қаралған. Өндірілген айыппұл сомасы 310 мың теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы мерзім көрсеткіштері (145,9 мың теңге) бойынша 2 есеге көп.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту және қызметтік заң бұзушылықтардың алдын алу үшін, сонымен қатар инспекция қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жоспары жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны