30.10.2007, 15:14 3095

Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанның халықаралық резервтері 37,1 млрд АҚШ долларын құрады

Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанның халықаралық резервтері 37,1 млрд АҚШ долларын құрады.Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында сөз сөйлеген экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның 2007 жылдың 9 айындағы халықаралық резервтері 37,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында сөз сөйлеген экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ұлттық қордың қаржысын қоса есетегендегі еліміздің халықаралық резерві 2007 жылдың 9 айында 11,7 пайызға өсіп, 37,1 млрд теңгені құрады",- деді Бақыт Сұлтанов.

"Сондай-ақ, Ұлттық қордың активтері 18,7 млр АҚШ долларын құрап, 32,6 пайызға өсті, ал Ұлттық банктің резерві 3,7 пайызға төмендеп, 18,4 млрд теңгені құрады",- деп қосты ол.

Министр, "Ұлттық банк резервінің азаюының негізгі себебі соңғы айдағы ішкі нарықта шетелдік валюта сату болып отыр", деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны