08.06.2009, 11:42 2097

Ағымдағы жылдың аяғына таман Қазақстанда жұмыссыздық азая бастайды - Орынбаев

Ағымдағы жылдың аяғына таман Қазақстанда жұмыссыздық азая бастайды - Орынбаев

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың аяғына таман Қазақстанда жұмыссыздық азая бастайды. Бұл туралы бүгін президенттің қатысуымен өткен дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы жөніндегі кеңесте ҚР үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Жол картасының" аясында қабылданған шараларды ескергенде, жылдың аяғына таман жұмыссыздық азаяды", - деді Е. Орынбаев.

"Жұмыссыздық 7,2% деңгейінде тұрақтанады деп үлкен сеніммен болжам жасауға болады", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Өз кезегінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өткеніндей, "халықты жұмыспен қамту саласында қабылданған шаралар жұмыссыздар санын айтарлықтай ұлғайтпауға мүмкіндік берді".

"Қазір жұмыссыздар саны - 7,2%, ол тіпті 15 - 16% жетуі мүмкін еді. Осы ағымның сақталуы үшін күш салу керек", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны