09.04.2013, 13:18 2852

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 0,8 млн. га жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды

"Бүгінгі күні барлық облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 0,8 млн. га жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды", - деді Қ.Өскенбаев.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 0,8 млн. га жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"Бүгінгі күні барлық облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 0,8 млн. га жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды", - деді Қ.Өскенбаев.

Бірінші вице-министрдің мәліметінше, сауда-саттық арқылы 63 % шаруа және фермер қожалықтарына, 10 % - заңды тұлғаларға берілді және сатудан тыс 27 % инвестициялық жобалар үшін және жаңа мерзімге жалдау шартын ұзартуға ниет білдірген жер пайдаланушыларға берілген.

Жалпы алғанда, 2013 жылы шамамен 3 млн. га ауыл шаруашылығы алқаптарын айналымға енгізу жоспарланып отыр. Осылайша айналымға егісттікке жарамды жерледің барлығы енгізілетін болады.

Айта кету керек, үш облыста жүргізілген түгендеудің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарына жалпы алаңы шамамен 40 мың га суарылатын жерлерді алқаптардың төмен бағалы түрлеріне өзгерту ұсынылған болатын.

"Алайда осы жұмыс тек Шығыс Қазақстан облысында ғана басталды, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс әлі басталған жоқ", - деп атап өтті Қ.Өскенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, түгендеу мақсатына қол жеткізу және жер ресурстарын тиімді басқаруды арттыру үшін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі облыс әкімдерімен бірлесіп 2013 жылға арналған тиісті іс-шараларды әзірледі және бекітті.

Осындай жұмыстар Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны